Жаңбыр мөлдір құс,
Асфальтқа құлап шашылған.
Елесі ме екен…сол бір қыз…
Мұң өретін шашынан….
Саябақ. Сүрлеу. Тротуар.
Шамның жасы – сары нұр.
Елесі ме екен…отынан…
Жанып кетті кәрі Күн…
Жалғыздықтың жалғызы -
Өзім және кім екен?
Елесі ме екен…алқызыл…
Жалын атар көлеңкем…
Көліктер. Қала. Дүкендер.
Бағдаршам. Талдар. Алаңдар.
Елесі ме екен…кетерде…
Жымияды адамдар…
Жарнама өмір. Көшелер.
Алдымда тағы сол есік.
Елесім бе екен…кеше мен…
Барады екем жол кесіп…
Өз үйім. Төсек. Күрсініс.
Ұйқы жоқ. Әлде ол түсім?
Елесі ме екен…бір сыбыс…
Естіп жатыр бір кісі…

Иә, жымияды адамдар, жалгыздыктын жалгызы
Еріксіз күрсінеді екенсің, Алматыдағы көп “жалғыздардың” жалғыз өткізген тағы бір күні ғой мынау
Екі пікірге де құп қосыламын!
Шарпыған ойлар, күрсініс,
Сезімнің бәрі тылсым іс.
Елес боп көше кестіңіз,
Қай жүріс аға, бұл “жүріс”? Әрдайым аман болыныз АҒА!
Қайда екен, қайда дариға сол қыз дегендей екен…
Копшиликтин ортасында жалгыз болу-ен ауыр касырет…
Жаңбыр мөлдір құс,
Асфальтқа құлап шашылған.
Елесі ме екен…сол бір қыз…
Мұң өретін шашынан….
Бұл шумақтан не түсінуге болады? Құсты асфальтқа шаштыңыз, қыз қайдан жүр, шашты кім өреді? Қысқасы, түсініксіз. Әдебиет сыншылары айтып жүргендей, мықты жазамын деп өлеңді күрделендіріп жіберу нағыз осы емес пе?
Жалғыздықтың жалғызы -
Өзім және кім екен?……менин конил-куимди дөп басқандай…….