Ерлан Жүніске
Жанарымнан жан ұшқыны шашылып,
Күтем сені… әлденеге асығып.
Бөлмем ішін көкшілдене кезіп жүр
Бұлтты ойымның булығулы жасыны…
Кәдімгі адам деп қарайсың сөзге сен.
Ой жасыны… ол да – түйсік өзгеше.
Кездестірмес едім сені ғұмырда,
Бұл жалғанды жанұшыра кезбесем.
Жырларымның әуеніне қосылып,
Мұңданамын, шылым шоғын өшіріп.
Арғымақ түн тереземе асылып,
Кісінейді, ашынып.
Арғымақ түн – арқыраған тіршілік,
Кісінегені – бос үміт…
Сен інісің және маған ағасың.
Өкінтпесін өткінші өмір тобасыз.
Мен өзіңді хабаршы ма деп қалам,
Бұл әлемге ерте келген адасып…
Жарық дүние мен жаназаның арасын
Өлеңіңмен өлшеп жүрсің шамасы.
Қара да тұр, жаңбыр жауып біткенше,
Айға айналар, арғымақ-түн тағасы.
Құрысыншы!
Сағат – түнгі он екі.
Сорлы қала, мінез-құлқы дөрекі…
Жаңбыр қойды…
Отырайық бұрқырап,
Ала келші темекі.

бауырым! көңіл күйді тап басқан жыр екен…
Құрысыншы!
Сағат – түнгі он екі.
Сорлы қала, мінез-құлқы дөрекі…
Жаңбыр қойды…
Отырайық бұрқырап,
Ала келші темекі.
дәл солай!
Өлеңің өрге жүзсін.Қарағандыдан…
НКЕВСССССССССССССССССССГГГГГГГГГГГГ
махаббат туралы олен бе десем, не жазып кетіпсіз?
тема екен ашык сабакка керек екен
акындардын бир-бирине арнаган олендери осындай болса,ширкин!!!