06.09.11

Жапырақтың көзімен

Қалтыраған жапыраққа айналып,
Жараланған бір бұтақта жаным тұр.
Кірпігімнен, өмір жайлы ойланып,
Күздің жасы тамып тұр.

Асфальттағы құлазыған көлеңкем,
Жанталаса қармалайды сәулені.
…Мен де бейне – дымқылданған сіріңке,
Бітті сірә, дәуренім.

Әуедегі көрінбейтін тақтаға,
Күз жарықтық өз бояуын жағып тұр.
Мұңға батқан алаңдарда қап-қара,
Иесі жоқ қолшатырлар лағып жүр.

Тұмауратып қалар ма екен тағы аспан?..
Тәнім әбден кеуіп қалған у екен.
Қара қарға қарғып түсті ағаштан,
Ал, мен әлі ілінулі тұр екем…

1150 рет қаралды

20 Пікірлер “Жапырақтың көзімен”

  1. Гүлфайрус:

    Жұмысқа келе сала, қазіргі күйімді жеткізер өлең қарамақшы болғам Мұқағалидан.
    Сізден хат кепті. Менің дәл казіргі күйімді тап басқан өлең екен… Рахмет!

  2. Мерая:

    жапырақпын кәдімгі

  3. Ботакоз:

    “Тымауратып калар ма екен тагы аспан?” керемет тенеу екен ))). Ия, енди куз де келип жетти Акберен мырза, аспаннын тымауы кобейе беретини хах!!! Рахмет, маган унады!!!

  4. Алпысбай:

    Жапырақ-лирикалық кейіпкердің бейнесі әсерлі, шынайы… Өзімнің “Қазақстан пионерінде” (қазіргі “Ұлан”)жарияланған “Сарғыш жапырақтар сағынышы ” “еліктік көзімен” деген лирикалық монолог-новеллам есіме түсті…”…Мен де бейне – дымқылданған сіріңке…” Тың теңеу!

  5. Майгуль:

    Әсем теңеулер тізбегі жан тебірентеді, құлазып отырған көңіл пернелерін дөп бастың інім…

  6. Мейрамгул Махамбет:

    керемет!

  7. жанболат:

    маған өлеңдеріңіз ұнады.әсерлі екен. рахмет!

  8. вискоза:

    оте керемет олен!менін ойымды дал тапкандайсыз!сізге коп рахмет!

  9. Тоты:

    Заты күзге әбден лайық өлең екен!

  10. Салима апа:

    Будан коп жылдар бурын жазган олен1ммен ундес екен :

    Куз жапырак жерге туст1 калтырап,жеткен шыгар мезг1л1,
    Ерте узд1-ау,деп камыктым мен , оны уакыт кезд1г1.
    Мунайгандай сулу кайын маган мойнын иед1,
    Суланып тур мен1н-дагы жанарымнын жиег1… деп кете беред1.
    Олендер1нд1 ризашылыкпен окып, рухани лаззат алушы окырмандарыннын б1р1нен боламын. Алла жар болсын!

  11. Альзинат:

    Өлеңдерініздің бәрі керемет, сөз жоқ, мына өлең де!сүйіп оқитын оқырманның бірімін.

  12. Айгерім Кудекова:

    Жан Аға, сіз менің туган ағамдайсыз, олеңіз әрдайым көңілімннен шығады, Аллам сізге мол ғұмыр берсін.

  13. Гүлман:

    олеңнің мына жолы қатты ұнады:Тұмауратып қалар ма екен тағы аспан?..

  14. Азамат:

    Адеми олен! Жалпы, абсурд фабуласы Шыгыстан басталып, Шыгыста жалгасуда. Рас па? Рас! Жапырак аркылы кленке калдыру ушин не журек керек, не саналы трансформация жасай билу керек. Мысалы, Ницшенин жихангези мен коленкесин сезину. Акберен елгезектин ар олени жана денгейге суйрелейди “кара басты”… Ол жазбайды, Ол ЖАЗАДЫ! Адеми, ойлы, мунлы… Мун – амалсыз абстракция. Кабылдай алады. Классикалык фауст кандай десе, осы оленди назарга алуга болар… Ол лайыкты барине, ол сенеди себеби; Онын Олени де улкен сынак аланы! Курметпен: Азамат ТАСКАРАУЛЫ. Оскемен, 27 казан, 2011 жыл…

  15. Айдар Кулжанов.:

    …Мен де бейне – дымқылданған сіріңке,
    Бітті сірә, дәуренім.

    Не себепти сонша торыкты екен мына байгус?!

  16. Хабира:

    Жалпы адам мен табигат тагдырлас кой.Кейіптеу тәсілін тамаша колдана отырып, басты идеяны жеткізе білген!
    Журекті тагы бір дурс еткізді бул олен!Рахмет, сізге!!!

  17. Дурия:

    керемет. Басқа ештеңе айта алмаймын….. сіз секілді ақындар көбейе берсін

  18. Дарига:

    Неткен керемет создер десенши

  19. Ботакөз Сати:

    Куралай жумыстан кайтып кошеде жалгыз келе жатып оленге тенеу соз издеймин дейди бир оленинде…Акыннын карапайым пенде айтатын ушінші төртінші көздерінен кашан да артык жүретін көреген танымдық сезімтал көзі бар..оны Акбереннін осы өлеңі де айғақтайды..әйтсе жапыраққа қараған кез келгеннің көкейінде осындай ой осындай өз өзіне теңеу туар ма еді, қайдам??? Тіршіліктің тынысын жыр тілінің тұла бойына сіңдіре білетін осы қасиеті Ақберенді өзгеден ерекшелейді…

  20. Алмагүл:

    Өлеңіңіз маған керемет әсер қалдырды. Жапырақтың күйін адамның ішкі жан-дүниесімен келістіре бейнелеген екенсіз. Күзгі жапырақтың дәуренін “дымқылданған сіріңкеге” тауып балапсыз. Сіздің шығармашылығыңызға толағай табыстар тілей отырып, әлі де соны тақырыпты тілге тиек еткен сергек жырлар күтемін.

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion