Жанарымыз жұлдыздардан жаралған,
Жүрегіміз – шашыраған аралдар.
Сен – демімсің, басталатын самалдан,
Мен – өлеңмін, тылсым түнге қамалған.
Көзіңдегі мұхит – менің мекенім,
Толқын шашың – сыйынатын тотемім!
Ерініңде мен сүймеген көк өрім,
Еріп жатыр удай тәтті шекерің.
Кірпіктерің мұхитымның шетінде,
Сая тапқан бұйра-бұйра кекілден.
Тамшы-ғұмыр сенсіз өткен мөлдіреп,
Мөлтеңдейді сен сүймеген бетімде.

Жинақы, артық ауыз сөз жоқ, бәрі әдемі жымдасқан. Ақын өлеңдерінен ғаламдық денелер мен сол ғаламның кішкентай бөлшегі – адамның кейпі теңдестіріле суреттелетін құбылысты байқадым. Ешкімге ұқсамайтын, тек Ақберен қаламына ғана тән ерекше құбылыс.
Пейіліңізге рахмет, Арай!
Қызық. Мына өлең әйеліңізге арналған ба? Әлде…
Жаль, жіберлімей қалды бұл смс
керемет! ммм.., екінші шумағы түгелдей ұйқасқан екен-ау, а?
әлде шалысқа ұқсағандай ма?
Неге жіберілмей қалды екен бұл смс?
Жіберілмегені дұрыс болған шығар!себебі бар ғой.
Ақындардын көпшілігі өлеңді жеткізе алмайды Ақберен
ғажап маған сұмдық ұнады
Сөздеріңнен сезім күйі өрілген,
Үшбу хатың үш шумақпен берілген…
Бәрекелді інім саған ырзамын,
Махаббаттың мәні мұңлы терілген.
Қадамыңа қарым берсін Құдайым.
Жамал жырдың шығаратын шырайын.
Сырлы сөзбен сезімдерді шымшылап,
Бармағыңнан бал төгілсін ылайым!..
Әдемі жазылған… Бірақ өлең мәтінен қарағанда оның “Жіберілмеген СМС” деген тақырыбы әсерлі шыққан сияқты… Енді бұл менің оқырман ретіндегі ойым…
Дәл менің сырымдай. Ал сіз мені айтқызбай ұққан сияқтысыз, Ақберен аға. Менде де жазылған, бірақ жіберілмеген смс-тер қаншама… Әйтеуір, бұл шумақтар жүрегімді тербегені рас.
жырларыңыз төгіле берсін.
жырларыңыз көп болсын
Жаным жабыркаганда, сиздин сайтынызга кирем. Олендеринизди окып куш аламын.