06.01.10

Жолдағы метаморфозалар

Кетіп барам тағы да.
Алматыдан Астанаға.
Тағы да мас боламын ба,
Тальгоның ресторанында?
Біреу маған жүрек тұсын көрсетіп,
Сыбырлайды: «Астана мұнда!».
Қойшы деймін мен оған,
Қолды сілтеп:
«Жас баламын ба?».

Аяқ артып
тамбурдың баспалдағына,
Қарап алам жолсеріктің қасқабағына.
Орнымды іздеп келемін, басу айтып,
Тыпыршыған көңілдің қасқалдағына.

«Ай бала, Астана мұнда!» – деп қалады,
Көрші отырған ақсақалым да.
Дұрыс айтасыз көкем-ау деп,
Шақырамын шалымды дастарханыма.
«Сенің жүрегің күйреген Отырар ғой» – деп,
Көз жүгіртем тірі отырған асқаралыға.

Ол күрсініп, бір шындық айтқан болар:
Балам, балам Астанада баспана қымбат…
Содан кейін денеме қарап алып,
Шошып кетіп сұрақ қояды маған:
«Бас қайда шырақ?!..».

791 рет қаралды

1 Пікір “Жолдағы метаморфозалар”

  1. Адлет:

    тамаша!!!соз жок

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion