28.01.11

Жұбату

Аппақ қарға артылмасын өкпеңіз,
Сары далада қатып жатыр ақ теңіз,
Ақ теңіздің аппақ-аппақ жалдары -
Тоң боп қалған толқындарды сөкпеңіз.
Жасыл мұхит құлайды деп жақында,
Хабаршы боп ұшқындайды көктен із…

Жасыл желкен керілгенде шет жерден,
Жасыл кеме көрінеді көк белден.
Бір цунами басталады жып-жылы,
Таудың суы қайнап жатқан бөктерден.
Мен бір тылсым үміт күтем дегбірсіз,
Жүрегінде сұлулық бар көктемнен!

Бір маусымдық басталғанда ғасыр бір,
Ақ мұхитты ерітеді жасыл нұр.
Байшешек боп мөлдірейді күн ертең,
Көк мұз болып қатып қалған жасым бір…
Жасыл желек – сағынышым тамшыла,
Тәңірімнің әмірімен шашыл бір!

Ох, сонда мен көздің алды мұнартып,
Сүйем нұрды, бар ауаны құмартып!
Қыдырамын көшесінде шаһардың,
Жаурап қалған қос өкпемнен гүл аңқып!
Бір жауқазын дір еткенде санамда,
Жер-Анаға қызығады ғаламдар.
Аспан көзді жұбатады қыз көктем,
Жыламаңдар, адамдар!

727 рет қаралды

4 Пікірлер “Жұбату”

  1. Ботагоз БЕКСАРЫ:

    оте адеми жазылган олен екен!!!!

  2. Гүлсім Давлетбақова:

    өте керемет.

  3. Раушан:

    Соз жок керемкт….

  4. JYR ALEMI:

    OTE ADEMI! JAZAR DUNIELERINIZ TAUSYLMASYN!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion