Болмайтындай ендігі түн баянды,
Жұлдыз құлап келеді мың бояулы.
Жаратқанның ғажабын көремін деп,
Түйсігімде шырылдап кім оянды?
Келе жатыр құбылып, мың бояулы,
Қаралы ару өксиді түн аяулы.
Ғаламат бір шаттықтың шуақтары,
Жанарыма неліктен мұң жаяды?
Кім боздап тұр ауадағы мынау бір,
Кім бұйырды жерге қалай құлауды?
Түнгі аспаннан үйренемін мен бүгін,
Жұлдыз шашып жылауды!
Қанша ғұмыр сүрген екен бұл бейбақ,
Құлап жатыр, құлап жатыр кімді ойлап?
Аққан жұлдыз шаштарынан мұң байлап,
Маған қарай жамырайды түнгі ойлар…
Қош, бақұл бол!
Аққан жұлдыз, боз бала,
Жұбатуға таба алмаймын сөз жаңа.
Енді менің түстеріме енбеші,
Жүрегімді қозғама…

Керемет олен екен жулдызын.
Конил козимен, журек созимен жазылган мұң саулеси…
Аға бұл өлеңнің сонғы созі мені қатты жылатты, жақында ғана кластасым жол апатынын қаза болды,,,көзім сенсе де, оның өліміне өзім сене алмай қайттым.Ол да, жұлдызды құрттай жарқ етті,,, аққан жұлдызыма осы өлеңмен қош, асыл досым -деймін……………………………….өлең ТАМАША
Ақберен аға, Сіздің Жұлдызыңыз биіктен жарқырасын!
Жулдыз акканда, “менін жулдызым одан биік тур”деп айт деп апам айтатын, жулдыз адам тагдыры деп айтатын.Мына оленде акын Кош бакул бол, Аккан жулдыз бозбала , деп сол апамнын айткандарын есіме салып отти.Тамаша, каламыныз мукалмасын!
жаксы екен
маган катты унады керемет екен иншАЛЛАХ али де сиздин олендеринизи окып журе береик