07.10.10

Жыла жүрек!

Жыла жүрек! Тағы да жалқы, мұңлы,
Естиінші кеудемнен солқылыңды.
Арманымды аяусыз ұрлап кеткен,
Қайтейін-ай қоңыр күз алтыныңды?…

Жыла көңіл! Гүлдей боп дірілдеші…
Қалай, қалай? Тағы да күбірлеші!
Жыла, жыла, тазартшы әлемімді,
Тек менің жанарымнан білінбеші.

Жыла жаным! Шамдайын қалтырашы,
Қандай нұрмен көзімді толтырасың?!
Қандай енді арманға жалғанасың,
Қандай енді жалғанға алданасың?

Жыла көзім! Жасыңды көрсетпеші,
Жасыңды көрсетпеші, ел сөкпесін!
Мен жігітпін, ал, ішім жаралы құс,
Жасаған-ай, құсымды емдеп берші!

Жыла ақын! Ешкімге білдірмеші,
Оқымашы жырыңды, бүлдіресің.
Бар мұңынды кімге енді білдіресің,
Қай үмітке өзіңді сендіресің?

Жыла шайыр! Білдірмей кемсеңдеші,
Мына өмір ғажап де! Көркем деші.
Жыламашы, Құдай-ай, жыламашы,
Көкірегім, Құдай-ай, өртенбеші!..

Жыламашы! Ешкімді кешірмеші,
Сен әлі де Тәңірдің есіндесің!
Жылап ал да, құшақта көлеңкеңді,
Енді соны ең соңғы досым деші…

1163 рет қаралды

16 Пікірлер “Жыла жүрек!”

  1. Марал Али:

    Керемет олен екен, кайта-кайта окып шыктым.

  2. Нуртас Галия:

    “Жылап тұрып өтірік те күлеміз” деген, сырға толы жыр шумағы екен,қиындыққа мойымаңыз,”Әурелеген үміттің ала таңы Әйтеуір бір атады, бір атады!”

  3. Сейдулла Жанат:

    Жыла жүрек өлеңі өте тамаша жазылған, сізден өтініш психологизмде жазылған өлеңдеріңізді шығарсаңыз,

  4. Әділ:

    Өлең тамаша жазылған.

  5. тазагүл:

    қосыла жылайды жүрегім

  6. Медетова Жаңагүл:

    Ақын аға керемет өлең! Әдетте мен ” керемет” деген сөзді ерекше жаратылғандарға айтам!

  7. Ақберен:

    Алла баршаңызға риза болсын!

  8. Гүлсім Давлетбақова:

    Өте керемет өлең.

  9. Гүлім Нұрланқызы:

    Керемет! Айтарға сөзім жоқ.Тамаша!

  10. Макпал:

    Ага олениниз керемет!

  11. Ержан:

    Өте әдемі өлең!

  12. Газиз:

    нагыз журектин шынайы муны! жаксы керемет

  13. Айгерім Кудекова:

    Аға олен тамаша, мен жыласам шынайы жылаймын. біракта Алла жылатпасын барімізді,,,,,,,,,,,,,,,

  14. Гульфия:

    Ақберен аға, нағыз жантанушы ақынсыз!

  15. Айя:

    Ага,сизге Мукагали казак поэзиясында багындырган алып белести тилеймин!!!!!!!!!

  16. Назерке:

    рахмет сізге!!!Аллам сіз сияқты жүрегі жылай білетін ақындардың ғұмырын ұзартсын!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion