28.01.11

Келіншек тал

Сабағыңнан мөлдіреп өлең-шықтар,
Сен неге жылап тұрсың, келіншек тал?
Көктем әлі келмейді, есесіне,
Көбелектей жауады көңілшек қар…

Мына күздің алтыны сондай әсем!
Жазда сенің кетті екен қандай есең?
Маған міне қарашы, күліп қоям,
Үйренесің, өзіңді алдай берсең…

Білдірместен қайғымның ең ауырын,
Көңілді боп жүрем ғой, жылауығым!
Жалғыз сен бе жалғанда жеңге-талым,
Мекендеген мұнарлы мұң ауылын?

Жалғандықты мен дағы біліп қоям,
Біліп қойып, жымиы-ы-ып күліп қоям.
Анда-санда жалықсам жалғыздықтан,
Саябаққа сен тұрған кіріп қоям.

Келіншекке өзіңді теліпті кім?
Шайыр шығар! Мен соған сеніп тұрмын.
Міне енді белгісіз сол ақындай,
Мен сені сағынғаннан келіп тұрмын…

Шашың неткен әдемі жайылған бұл!
Анау тұсын қалайша, қайырған кім?
Келмей кетсем, кешірші сұлу жеңгем,
Сүйіп жүріп, жоғалсам қайыңдарды…

Олар бірақ білмейді сендік мұңды,
Билері де жеңілтек, желді күнді…
Сен тыңдайсың, осылай ылғи мені,
Мен сүйемін өзіңдей енді кімді?

Сабағыңнан мөлдіреп өлең-шықтар,
Сен енді жыламашы, келіншек тал!
Көктем болып келемін, келесі жыл,
Ерімей жатқан кезде еріншек қар…

682 рет қаралды

14 Пікірлер “Келіншек тал”

  1. Сандугаш:

    “Келиншек тал” деген негизи оте сулу агаш билем. Тенеулериниз де дал сондай сулу екен. Шабытыныз шаршамай сиз ушин кызмет аткара берсин!

  2. kalamkas:

    осы оленді окысам жылагым келед, біртурлі..сатті шыккан олендерініздін бірі деп ойлаймын. Гажап акынсыз гой Акберен!

  3. Таныс:

    Поэзия! Адам жанына жып-жылы шуақ құятын ШЫНАЙЫ өлең екен. Бір қызығы, стилің өзгеріп бара жатқандай ма, қалай?!:-)

  4. Тоты:

    Анда-санда жалықсам жалғыздықтан,
    Саябаққа сен тұрған кіріп қоям.

    Иә, көкіректі жалғыздық мұңы кернегенде, сая табар саябақтың болғаны медеу…

  5. Жанна Галам:

    Сулу,аяулы олен…Кара оленнин тамаша улгиси.Адаспайтын,адастырмайтын…

  6. Қаракөз:

    Керемет! Басқа сөз жок!

  7. Гүлсім Давлетбақова:

    мен бұрын келіншек тал дегенді естігенмін, бірақ сіз жазғандай керемет деп ойламаған едім. Өленіңіз көңілге қонарлық әсерлі екен. Рахмет сізге керемет өлеңдеріңіз үшін.

  8. Медет Ж.С.:

    Олендериниз шынымен де сулу ари назик екен, окып керемет болып калдым, Сизге шыгармашылык табыс тилеймин!!!

  9. Алтай:

    Уау, “еріншек қар”… Тағы да таң қадырдың,,

  10. Айнур М.Е. г.Актау:

    Добрый день, давно искала это произведение)))), наконец-то оно появилось. Оно поразило меня до глубины души, я редко читаю на родном, но поэзия умеет творить чудо! Думаю, это хороший признак вернуться к своим истокам. В одной из переписок, Вы сказали, что подарите мне сборник с этим стихотворением,я приезжала пару раз по делам в Алматы, но не получилось к вам заглянуть,Будьте добры)))), отложите для меня с автографом, буду Вам очень признательна!

  11. Психолог:

    “Өлең шықтар” мен ” келіншек тал” ұйқаспайды да ғой атымен….Не мағына жоқ, не ұйқас жоқ…

  12. Рүстем Еркінұлы, жорналшы:

    Керемет жазылған жыр.

  13. Айгерiм Кудекова:

    психологқа айтарым, сіз үнемі кері сойлейсіз. Бұл өлеңді шын журекпен тусініп оқысаңыз деймін, сонда ғана жүрекке жетеді.филолог ретінде мен бұл өлеңді жоғары бағалаймын………………….Аға бұдан кейін де жақсы өлеңдер кутемін…. АЛЛАМ сізге ұзақ ғұмыр берсін!!!

  14. Науат Исатай улы.:

    Тамаша арине маган катты унады Акберен.Жабыркаган конiлдi котерiп тастайтын сикырлы екен!Киялын ушкыр болсын.

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion