Сағат түнгі он екі
Кофе және темекі…
Менің адал достарым,
Жоғалады таңертең,
Шамнан түскен көлеңкем,
Және қара аспаным.
Жүректегі күрсініс -
Түнектегі бұлқыныс…
Періштелер сұңқылы.
Көз алдымда жыл көші,
Мәңгіліктің түрмесі.
Ібілістің күңкілі…
Көзінен мұң азынап,
Түн отыр құлазыған,
Ішіме кіріп алып.
Өмірге ерсем дағы,
Шықпайды кемсең қағып,
Түсімде тірі халық…
Жанымның қуысында,
Ең түпкі бұрышында,
Мөлдіреген өлеңдер.
Балауыз шам сөнерде,
Тарқатылып төбемнен
Құлап кетем төменге…
Сонда маған көрінер,
Атажұрттың төрінен,
Жусан менен бетеге!
Ішімнен бір мұң сезіп,
Үңіледі түн көзі,
Суып қалған кофеден…

саламалейкум! брат темекиге карсы видеолар жопа?*бир былай журекти ауыртатын дегенди! коркыныш комектесер деген ойго биздики…
Вообще не о чём погнал….
аға өлең жақсы екен
А че, нормально. Олениниз жынды екен