03.04.11

Көктемге хат

Көктем келші тезірек, көгерсін бел,
Көшелерде жүгірсін көгершіндер.
Көктем келсе, достарым көздерімнен,
Көк аспанның мөлдірін көрерсіндер!

Көктем келші тезірек, ерісін шың,
Көктен нота гүл болып төгілсінші.
Бөктерлерді жағалап кетейінші,
Бәйшешектің күлтесі көрісінші!

Көктем келші тезірек, бүр жарылсын,
Қара барқыт шәлісін түн жамылсын.
Мен шықтарға оқыр ем тап-таза өлең,
Сабағында гүлдердің тұнғаны үшін!

578 рет қаралды

4 Пікірлер “Көктемге хат”

  1. МУНИРА:

    ЖАНА тап-таза асерлі олен-жырларыныз мол болсын! .АМИН…………………….

  2. Ержан Құрманов:

    Адемі өлең Аға!

  3. Құралай:

    көктемді мен сияқты сағыныпсыз-ау…..

  4. Құралай:

    әлі талай керемет жыр шумақтарын оқуға Алла нәсіп етсін!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion