07.06.11

Кроссворд

Түйсігіммен түртіп қалдым тылсымды,
Көкжиекке түн сіңді.
Кім аяйды, түсінеді мұңшылды,
Ішімде біреу күрсінді…

Жүрегіммен түртіп қалдым ғаламды,
Шаң орады санамды…
Қайдан келдім, қайда ғана қамалдым,
Аяп кеттім анамды…

Саусағыммен түртіп қалдым аспанды,
Отын жақты, жасқанды…
Шешіп қойып жатыр едім маскамды,
Бетім жатты тастанды…

Кірпігіммен түйреп қалдым ауаны,
Ол білмеді дауаны.
Ойлар неден, кімнен, қалай ауады,
Сөздер қайдан жауады?

Айды түрттім…құламады еш төмен,
Білмейді екем ештеңе.
Біреу көкте жазып отыр бір өлең.
Кроссвордтағы кестеге…

702 рет қаралды

4 Пікірлер “Кроссворд”

  1. Әсел Қостанайдан:

    “Кім аяйды, түсінеді мұңшылды”… Риторика

  2. kalamkas:

    ЕРЕКШЕ ОЛЕН ЕКЕН!

  3. Табиғат АБАИЛДАЕВ:

    мен жазганымда гой дегізетін өлең екен.

  4. Нарынбеk Жумашев:

    Тан калдыратын олен екен…

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion