07.06.11

Күбір

Менің тәнім – рухтың үйі,
Жаным менің – шықтың күйі…
Мөлдірейді имани.
Ішкі әлемім – гүл мекені,
Жүрегімде нұр жетеді,
Күмбірлейді мида күй!

Болған шағым -  өкінішсіз,
Болашағым – өтінішсіз,
Бәрін Тәңір шешеді.
Атқан таңдар аппақ, жарық,
Батқан күннен сақтанбадық,
Сақтандырған кешегі.

Жарқ ететін жасыл түсті,
Көзімдегі жасын күшті,
Жаным бірақ беймәлім.
Соқпақтарда адасқанмен,
Астасып ап көк аспанмен.
Кетіп барам, ой қалың.

Кімнің кетті несі кімде,
Кешіріндер, өшіріндер,
Ұнамаса айтқаным.
Мен – тірімде өздеріңе,
Қарап тұрып көздеріңе.
Ұлып-ұлып қайтқан мұң…

606 рет қаралды

5 Пікірлер “Күбір”

  1. Жансая Сыдықбай:

    Өзіңді жазғансың, бұл жерде. Сөз әлемінің тұңғиығы мен азабын көтеріп жүрген нәзік рухыңның ұлығанын да әдемі жеткізе білгенсің.

  2. Өмір:

    Кешіріндер, өшіріндер,
    Ұнамаса айтқаным…
    Қандай азап еді,..ақынның өмірі!

  3. Гүлнар:

    Менің тәнім – рухтың үйі,
    Жаным менің – шықтың күйі…
    Мөлдірейді имани.
    Өз әлемін сөз әлеміне шеберлікпен сабақтастыра білген Акберен

  4. К.Акберен:

    Ассалоума галейкум менинде есимим Акберен. Менин есимимди атам аруактар койган дейди. Мен туылар куни атам тусинде ата-бабасы онын колына акберен устаткан екен. Менде тусимде аруактарды корип турамын. Бир куни тусимде улкен ак туйени кордим. Маган осы олениниз оте унады. Ендиги сиз менин идиялым боласыз.

  5. Табиғат АБАИЛДАЕВ:

    Мынау енді мықты өлең! ӘҢГІМЕ ЖОҚ! ЖҮРЕККЕ ТИДІ!!!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion