(Шахановша әзілдеу)
Бәрі өтірік боп шықса –
Хауа Анаң да,
Қабылың да…
Ең алғашқы Адамың да!
Жердің бетін күл қылатын,
Жарық Дүниемді түн қылатын
Ақырзаманың да.
Бәрі де өтірік боп шықса –
Жұмағың да,
Жұмақтағы ғажабың да,
Тозағың да,
Тозақтағы азабың да!
Гөйтіп жүргенімізде
«Жан дегенің – құпия құбылыс» деп,
Періште мен ібілістер,
Қылкөпірлік «жүгірістер»,
Күнәлар мен түңілістер,
Бәрі ақырында өтірік боп шықса!
Онда мені діншілдердің қатарынан шығарып,
Салып көрші жүрегіме бұғалық!
Өлгеннен соң бәрібір ғой,
Дінге мүлде бөлінбейтін,
Көзге мүлде көрінбейтін,
Аруақтарға айналмаймыз ба, Құдай-ай,
Соны неге түсінбейді бұ халық?!..

Заманаға серт.(1) Негізінен адам баласы зиянда.(2) Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер, олар зиянға ұшырамайды.(3) “Ғасыр сүресі” Әлбетте тозақты көресіңдер.(6) Сонан кейін әрине көзбен көресіңдер.(7) Сол күні, (дүниеде берілген) әр нығметтен сұраққа тартыласыңдар.(8)”Тәкәсүр сүресі”
Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары: астарынан өзендер ағатын Ғадын жәннәттары. Олар онда мүлде қалады. Алла олардан разы, олар Алладан разы. Осы сыйлық Раббыңнан қорыққан кісі үшін.(8) “Ғадият сүресі” Адам баласы: Мен өлген уақытта тіріліп ортаға шығарыламын ба?,- дейді.(66) Ал адам баласы, өзін алғаш жаратқанымызда дәнеңе емес екенін ойламай ма?.(67)”Мәриям сүресі”