Тереземнің арғы жағы – күнелтудің амалы.
Күнелтуде мән қанша?
Хайуан болып ырылдауың керек шығар,
Жанарың
Жап-жасыл боп жанғанша!
Тереземнің арғы жағы – сұрғылт көше,
Үш көзі
Жыпылықтап кезекпен…
Өлең үшін ішу керек, ішкесін,
Шер тіленген өзекпен!..
Тереземнің арғы жағы – гүр-гүр мотор,
Отынан
Жаратылған газ көкшіл…
Асфальт қана жазар бәрін жадына,
Жазылары – сөз кекшіл…
Тереземнің арғы жағы – жетім жаңбыр, тілемсек.
Әйелдердің өкшесі…
Жапыраққа Күз жыр жазып жіберсе,
Жап-жарық боп кетсе есім!..
Тереземнің арғы жағы – тұмандықтар, ғаламдар…
Аузын ұрдым… ақшасын!..
Біреу маған қарап отыр жалаңдап,
Көзін қара!.. жап-жасыл!..

иа, Алматы осындай… Кешіріңіз, өлең Алматыны меңзеп тұрған сияқты…
Сиздин олендериниз керемет!
Алматыда алмалар жоқ, жоқ бәрі,
Алатаудың сөнген арман оттары.
Әлде қашан сәби сезім сетінеп,
Адал жүрек залымдықтың көкпары.
Күнелтудің қамы жеңіп ниетті.
Бұл зар заман бәрін бізге үйретті.
Ертең кетем ауылымды сағындым,
Сайран жақтан сатып алып билетті