03.04.11

Ынтықзар

Кірпігіңнің ұшымен,
Белгі берші, өтінем.
Бәрін сонда түсінем,
Жүрегімнің шетімен.

Саусақтағы дірілді,
Шаштарыма тигізші.
Іңірдегі күбірді,
Ерініңнен сүйгізші.

Көздеріннің түбінде,
Айтшы неге бір шық тұр?
Жанарыма үңіл де,
Қарашыққа тұншықтыр!

Жиілеген тыныстан,
Өртеп ал да деміңе.
Ескерусіз бұрыштан,
Шығарып сал көгіме.

Қалтыраған сезімді,
Жылытайын көркіңе .
Қалшылдаған төзімді,
Жіберейін еркіне.

Мен іздеген жұмағым,
Бәлкім сенің жолында.
Шөлдетпеші бұлағым,
Бәрі сенің қолында…

512 рет қаралды

9 Пікірлер “Ынтықзар”

  1. МУНИРА:

    Керемет женіл жане оте тусінікті
    НЕТКЕН бакыт иесі екен олен арналнан ЖАН
    БАКЫТТЫ БОЛЫНЫЗ .

  2. Ажар:

    Туу, кандай акымаксындар? Акын суйген, акынды суйген кыз бакытты болушы ма еди? Сезимдери тураксыз гой булардын!

  3. Үміт:

    бул оленде ешкандай акымактыкка сай келетин дуние корип турганым жок! оте жаксы жазылган,жане де тусиникти, женил! Акын жанын тусинбейтин адам бул оленди де тусинуи еки талай!!!!!!!!!!!!!!!!!!

  4. Г.С:

    не деген керемет сезім….

  5. Айгерім Кудекова:

    АҚЫМАҚ ДЕП АЙТЫП ОТЫРҒАН АДАМ ӨЗІ СОНДАЙ. АҚЫН ЖАНЫН ТУСІНЕ БІЛУ КЕРЕК. АҚЫННЫҢ ІШКІ СЕЗІМІН ҰҒЫНА БІЛУ ҚАЖЕТ ДЕП ОЙЛАЙМЫН.АЙГЕРІМ ҚАЛИАХМЕТҚЫЗЫ.

  6. Әсел Қостанайдан:

    Өлең ықшам, жинақы жазылған… //Әр адамның өз ойы, өз талғамы бар… “Сенікі дұрыс емес” деу қисынды болмас қыздар… Не о том спорите…

  7. Арна:

    Кімге арналған? Атын айтынызшы…

  8. jan_aidos:

    akymak dep aitkan adam ewaaaaaakkk ekennn

  9. Ержан Құрманов:

    Әдемі теңіу неткен сезім десеңші өте әдемі өлең!!!!!!!!!!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion