(акроөлең)
Л ебіздей жеңіл көлеңке, қалықтап жаңа түскендей,
И шара жаса кірпікпен, мұңлы бір күйге көшкендей.
Н октюрн әлде романс па? Жүректі үнсіз аймала,
Д ыбыстар ұшар саусақтан, пернеге тисе жай ғана,
А Һ, ұрар зарлы пианино, бетімнен тамшы тайғанап…
