Мен сені Тәңірден сұрадым, мама,
Осы арудың құрсағына бітемін деп.
Мен сен үшін талай жыладым, мама,
Ақынның анасы боп өтеді деп.
Мен сені жұбата алмаймын, мама,
Арайлы бір таңың атады деп.
Мен бұл өмірді ұната алмаймын, мама,
Қабырғама бар мұңы батады кеп.
Мен өмірді сонда да сүйіппін, мама,
Сыздайды тек іште, жарам ғана.
Мен бар мұңнан биікпін, мама,
Мен үшін алаңдама!
Бұл өмірде қай ақын жарыған, мама?
Жүрген соң тағдырдың өтінде көп.
Бар болмысым өзіңнен дарыған, мама,
Сен ғарышты туғаныңа өкінбе тек.
Сен мені қазаққа сыйладың, мама,
Ғажаптардан қағылсаң да.
Мен сені азапқа қимадым, мама,
Қанша жыл сағынсам да.
Әйтпесе, білсең ғой, жаным, мама,
Ішім менің – шексіз әлем.
Бұл менің сорым әрі бағым, мама,
Жанарымдағы өксік өлең.
Ішім менің гүлдерге толы ғой, мама,
Нұрға да толы жүрегім ақ.
Біздің тағдыр – азап жолы ғой, мама,
Әйтеуір тілегім ақ.
Әкем – Тәңір, өзің – Ұмайсың, мама,
Ал, мен – Құдайдың баласымын.
Сен бәрібір маған ұнайсың, мама,
Көзімдегі қарашығым..!

“Ешнәрсе кездейсоқ болмайды”, бұл менің ұстанымым. Сайттарды аралап, Сіздің Анаңызға арнаған өлеңді дәп туылған күніңізде оқығаныма, дегенмен, таңданып қалдым. Сіздей ұлды мына Жарық дүниеге әкелген Анаңызға разы болдым. Ғұмырыңыз ұзақ, тіл-көзден аман жүріңіз. Анам мені қара қыз деуші еді, немере жиенім Умай дейді. Қалай атауды өзіңіз таңдарсыз, тек тағы бір тілекшім бар деп әркез біліп жүрсеңіз…
Өзім де ана, ал анама бала болдым ғой. Өлеңің керемет, көзімнен жас ытқып шықты. Иірімің әдемі, ұйқастарың соны, ойың мен сезімің шексіз. Аман бол!
Інім сен осы қай діндесің?
Неге Махамбет,Абай, Мұқағали сияқты ширксыз жазып үйренбейсің?қарғайын десем жалғызымсың,қарғамайын десем жалмауызымсың.Қара шаңырақ иелерінің өткені, бүгіні, келері ислами ойлайтындар. Бар өміріңді арнағаның бос былжыраққа айналмас үшін Хақтың тіліне үндесе сөйле.
“Ән түзелді тыңдаушым сен де түзел”. Пікір жазушылар бос мақтаумен өлтіріп алмаңыздар. Мұндай ақын туыла бермейді.
жоғарыда айтқан сыным осы шумағыңа:
Әкем – Тәңір, өзің – Ұмайсың, мама,
Ал, мен – Құдайдың баласымын.
Сен бәрібір маған ұнайсың, мама,
Көзімдегі қарашығым..!
ой бір соз ұқпайтын жандар екенсіңдер
Құдайдың ұлы болса құдайдың ұлы болсын, оған несіне шала бүлінесіңдер осы
алде қызғанып кетесіңдер ме? )))
осы олендi окыган сайын козiмнен жас ага бередi…
Оздерiн жаза алмайсындар ма,жазган адамдарга тиiскендi койсаныздаршы!!!
Жазу стилі өте жақсы! расында да Алланың ұлы емес, Алланың құлы десеіз қайтеді?
Осы өлеңді қаншама рет оқысам да, арқамның шымырлап кететіні несі екен?
Әлде “сөз құдіреті” деген осы ма?
“Сен бәрібір маған ұнайсың, мама”. Шын айтам, түсінбедім… Не дегіңіз келді, аға?
“Мама” оленін оки отырып, білесіздер ме, жанарым жаска шыланды…Керемет жолдар, ананы сую, кадірлеу осындай ак болар!Менін тагдырым сиякты, акын адам жанына шуак шашар шугыла гой, Акберен мырза, гумырлы болыныз!!!
Оскемендік окырманыныз найман кыз Хабирадан!
қазақ өлеңінен мен іздеген, көптен күткен бір өлеңді таптым-ау, құдайға шүкір. қазақ өлеңінің тәңірі бізді енді жарылқайын деген екен/осы оқырмандарды түсінбеймін, әлде олардың талғамы мен білімі сонша төмен бе? анауың не, мынауыңне немесе жыладым, сүйттім, бүйттім дегеннен басқа айтары жоқ. біздің өлең ғарышқа шықты, қазақ! қуан! енді ғарыштың тынысымен өмір сүретін боламыз. бірақ әлі де көп ізденуің керек, ақын інім!
Сізді асыра сілтеп мақтайтындардың көпірме сөзіне еріп кетпесеңіз екен… Соңғы кезде шоқтығы бөлек шығармашылығыңыздан мақтаншақтықтың иісі сезіле бастағандай… Сіздің өлеңдеріңізді сүйіп оқитын едім… Сізге сүйсінетін едім…
Талантыңызға нүр жаусын! Бақытты болыңыз! Ұсақ-түйек пікірлерге мән бермеңізші, менің ең иманды ақыным! Мамаға деген сағыныштың азабын бізден артық кім түсінсін…
Бұл өлеңнің туу тарихын мен ғана білемін, Сіздің сол кездегі жанайқайыңыз. Кешіріңізші сол үшін…
Қазақтың қайталанбас Ақберені! Биіктер биіктеген сайын ұсақтар оның аяғынан тартқылайды екен, не істерсіз, өмір сол – биік пен аласадан, ак пенен карадан тұратүғын…
Әсел,әдетте оқырман шығармадан алған әсерін ғана жазады, талдайтын сыншы болса, өлеңді ғана ғылыми түрғыда талдайды, автордың жеке басына мінездеме бермейді. Барлық ақыл айтқыштар осы алтын қағиданы дурыстап түсінсе екен…
Алдыңғы комментте техникалық қателер кетіп қалыпты, кешіріңіздер.
Акберген ага!талабынызга нур жаусын!Арине, сын айтылады,жаксы да,нашар да,биреуге унайды,биреуге унамауы мумкин.Ар адам олен,китап окыганда,1 рет кана емес,керек болса жуз рет,оданда коп рет окып барып магынасын угуы мумкин.Достар,сын жазар алдында,оленди жаксылап окып,содан кеиин бирак пикир жазсаныздар дурыс болар еди!Мен оз басым,бул оленди бир рет емес,бирнеше рет окып шыктым,айтарым,Казак халкына сиздей акын ул сыйлаган Ананызга бас йем!
Аганын маган Мама деген олени катты унады.
Ой-ой бауырларым-ай, алдыменен өлеңмен қосып сынды да зерттеген дұрыс еді ғой. Ол сын не себепті, неге, қандай мақсатпен және нендей дәлелдерге сүйеніп, қайсы сөздерге айтылды? Сол сүйенген дәлелдер қайдан алынды? Оны да саралап, сосын барып салыстырып, өз ойларыңды айтқандарың, оны нақты бір ғылымға жүгініп істегендерің, өздеріңнің білім деңгейлеріңді көрсетіп, таласқа орын қалдырмай, әрі сауапты іс болар еді. Мұны аз сөзбен түсіндіре алмасымды білгесін нақтылап жауап беруге тура келіп тұр. Ақылым тыңдалмады деп ашуланғандықтан емес, ақиқатты айырмаған селкеулі саналарға көңілім қынжылғандықтан. Исламнан хабары аз жастарымызға тамшыдай болса да таным болсын деген мақсатта ғана жазып отырмын. Қасиетті Құранда: «Үгітте! Өйткені үгіт мүміндерге пайдалы» .(Зәрият сүресі, 55 аят),-дейді. Бұл ара оған арналмаса да амал жоқ.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Алла тағаланың сөзі мен адам сөзінің айырмашылығы сол сөздердің егелерінің айырмашылығындай» -, деген. Яғни Алла менен адамның айырмашылығындай. Егер солай болса қасиетті Құранда : «Алла тағала Өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлы болды». (Ниса сүресі, 48 аят)- дейді. «(Күллі әлемді және бұл әлемдегі болмысты жаратқан , оларды басқарып, билігін жүргізген – Аллаһ Тағала. Ол бастауы (әзәли), мен соңы (әбәди) жоқ, мәңгілік, ашық та жасырын да болған, барлық нәрсеге құдіреті жетуші, барлығын білуші, естуші, көруші, қалаушы әрі қалағанын жасаушы. Аллаһ кейіннен пайда болмағаны сияқты зат (материя), гауһар, сурет не пішін де емес. Бір нәрсенің бөлшегі, қосындысы да емес. Оның шегі жоқ, «болмысқа тән түр және ерекшеліктермен Оны сипаттауға болмайды». Мекен-жайдан пәк, уақытқа тәуелді емес. Әр жерде, әрбір сәтте үздіксіз түрде бар болады және барлық нәрсе Оның көз алдында. Аллаһ Тағала көздерді көреді, бірақ көздер Оны көре алмайды. Ешбір нәрсе Оған ұқсамайды. Теңі де, теңдесі де жоқ, ұқсасы да жоқ. Барлық мүліктің шын иесі, әмір мен үкім жүргізетін жалғыз билік иесі, мақтауға, мойынсұну мен ғибадат етуге лайық тек ұлы Аллаһ қана». Ислам ғылымхалы кітабы , Аллаһ туралы сенім тарауы, 124,125 бет). Ал ортақ қосу дегеніміз Аллаға бір нәрсені теңеу немесе Жаратушыны жаратылғанға ұқсату. Ұлы Жаратушының бойынан кемшілік табу болып табылады. Туу, балалы болу, жылау жаратылғандардың еншісі. Бұл тілге жеңіл болғанымен ең ауыр, тіпті кешірілмес күнә болып табылады екен. Алла одан сақтасын. Ал осындағы көптеген оқырман іні-қарындастарымның сөздеріне қарап, олардың Құран сөздеріне мән бермей жеңіл қарайтындықтарын, тіпті кейбіреулерінің одан мүлде бейхабар екенін, антропоморфтік түсінікте өмір сүріп жатқандарын аңғарғандай болдым. «Алланың дініне бет бұр! Алла адам баласын соған сай жаратылыспен жаратқан». (Рум сүресі, 30 аят),-дейді қасиетті Құранда. … «Бойында Құранның жатталған бір бөлігі де болмаған адам күйреген үй тәрізді»,-деген пайғамбарымыз (с.ғ.с.). Олай болса Оның сөздерін мойындап қабыл алу иманнан, ал қабыл етпесе иманның дұрыс болмағаны. Бұл жерде адам сөзі Құран сөзінен жоғары бағаланып тұрғандай әсер қалдырады. Өйткені одан хабары жоқ, Оның құндылығын қалай білмек?… «Олар сөзді (Құранды) зерттемей ме?» (Мүминун сүресі, 68 аят),-дейді тағы да. Әрине әркім өзі үшін жауап беретіні рас. Бірақ ,Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Қандай да бір исламға қайшы іс көрсеңдер оны қолдарыңмен тоқтатыңдар, оған әлдерің келмесе тілдеріңмен тоқтатыңдар, оған да әлдерің келмесе іштей жек көріп қарсы тұрыңдар, ал бұл иманның ең төменгі дәрежесі»-, деген. Құранда: «Аллаһ тағалаға шақырып және ізгілік істеп: мен – мұсылмандарданмын!,-дегеннен сөз тұрғысынан кім артық бола алады?»,-дейді. Сол себептен мен інімнің жоғарыдағы «Мама» атты өлеңіне мұсылмандық парызым есебінде сын айттым. Сын ақынға қиындық тудыру мақсатында емес, керісінше ширату үшін айтылады. Ақын інім, оны дұрыс қабылдау да жігіттіктің көрінісі болса керекті. Көріп, естіп тұрып үндемей қала алмадым, бар болғаны сол. Онда да жалпы өлеңнің барлық болмысына емес, тек бір-екі қатарына ғана. Өлеңді жаман деп айтқан сөзім жоқ, оны оқыған адам да көреді. Өлең жаман емес, тәп-тәуір жазылған. Бәріміздің де анамыз бар және олар ең үлкен сыйлықтарға лайық. Поэзия болғасын әр-түрлі ғажайыптар мен теңеулер болатыны да рас. Бірақ олар Аллаға қатысты емес. Мені қынжылтқаны Ақберен інімнен бастап осындағы көптеген бауырларымның мұсылманмын дей тұра, исламның ең басты қағидасын білмеуі немесе ескермеуі бәлки өте жеңіл қарауы. Ал жалпы пайғамбарлардың жіберілу мақсаты мен Құдайы кітаптардың түсірілуі тек бір ғана нәрсені басты бағытқа алады. Ол жаратушыға құлшылық және Оны бірлеу, яғни серік қоспау. Ұлы Жаратушының бұйрығын орындап,тыйымынан бойымызды аулақ ұстап, Ізгі сөз айтып, ізгі іс жасау және сол арқылы Оның екі дүниедегі сыйлығына ие болып, разылығын табу мақсатында өмір сүру. Ол, исламның барлық қағидасын қатып ұстану деген сөз емес, оның барлығы қолымыздан келмес те еді. Алла тағала құранда:» Алла сендерге машақат келтіруді қаламайды». (мәида сүресі, 6 аят),-дейді. Ең болмаса Алланың басты бұйрықтарына мойынсұну соншама қиындық келтірмесе керекті. Жаратылыс мақсатының өзі осыған келіп тірелсе, ал одан біздің хабарымыз болмаса, сонда біздің білімділігіміз қайсы?…
Өлең сөздің патшасы,- деп Абай атамыз айтқандай өлеңнің құдіретін түсініп, құрметтеп өскен қазақтың баласымыз. Жастарымыздың өмірге, жаратылыстың мәніне деген көзқарастарының қалыптасу жүйесіне әсер ететін руханият саласынының бірі де осы, қазақтың қанатты, қасиетті, қара өлеңі. Өлеңнің киесі бар, ол адамға Алладан берілетін сый. Кез келген адам ақын емес. Ендеше Жаратушының берген сыйын оның Өз бұйрығына қайшы келмейтін бағытқа жұмсаған дұрыс емес пе? Орыстың ұлы ойшылы Л.Толстойдың өзі адамзаттың соңғы барар жері ислам деген ғой. Он екі ғасырдан бері ата-бабамыз ұстанып келе жатырған ислам дінінен қазақты қалай бөліп қараймыз? Адамның сайраған сұлу сөзінен теңдессіз Құранның құны төмен болғаны ма сонда?… Сол сұлу сөзді құрастырған адамды да жаратқан бір Алла емес пе? Осыған да бір ой жіберіп қойған дұрыс болар еді ғой бауырларым-ау…
Олай болса Ақберен інімнің «Мама» атты өлеңіндегі мен сын айтқан жолдар төрт-ақ қатар. Ол былай дейді:
Мен сені Тәңірден сұрадым мама,
Осы арудың құрсағына бітемін деп. Құранда : «Алла тағала сендерді аналарыңның қарнынан еш нәрсе білмейтін түрде шығарды да сендерге есту, көру қабілетін берді». (Нахыл сүресі, 78 аят)-дейді. Егер біз жаратылған кезімізде еш нәрсе білмейтін болсақ, Тәңірден жаратылмай тұрып қалай сұраймыз? Жарайды, мұны сөздің бір келешегі деп қабылдайық. Келесі қатарға қарай өтейік.
Әкем Тәңір, өзің ұмайсың мама,
Ал мен Құдайдың баласымын. Құранда: «Олар: Алла, бала иемденді десті. Расында өрескел сөйледіңдер. Бұдан көктер шатынай, жер жарыла, таулар құлап түсе жаздайды. Аллаға бала ұйғарғандықтарынан. Негізінен Аллаға бала лайық емес». (Мәриям сүресі, 88-92 аяттар)-дейді. Құрандағы әрбір әріптің өзінің қаншама сырлардың кілті екенін білсек, осыдан-ақ бұл сөздің қаншалықты ауыр ескерту екенін байқауға болады. Ал исламнан хабары бар, иман келтірген, өзін мұсылманмын деген адам, мұндай сөзді айтпақ түгілі ойлаудың өзінен қорқар еді. Қазақта, жетімнің, жалғыздың жары Құдай деген сөз бар, бірақ жетімнің әкесі Құдай дегенді бірінші рет естуім, мүмкін….
Ақберен інім бұл сөзін атамның сөзі депті. Онда жауапқа жазған екінші өлеңін оқып көрейік.
«Тіршілік басы- Тәңірім,
Біз аққан содан бұлақпыз.
Үлкен көл болса өмірің,
Жағада өскен құрақпыз.
Әр рухтың көзі –Жаратқан,
Өзі туып сөне ме?
Тамшылар ұшса бұлақтан,
Баласы емей немене?
Құдіреті шексіз Тәңірдің,
Керек емес құл оған.
Жайнаған, отты, көңілді,
Сүйкімдірек ұл оған».
Бұл жерде: Алла бұлақ көзі де, адамдар құраққа, бұлаққа, тамшыға теңеліп, олардың шыққан жері, яғни Тәңірден туылғаны меңзеліп, Өзі туып сөне ме, баласы емей немене деп, алдыңғы сөзін өзі растап, нүктелеп, бекітіп тұр ғой. Аллаға құлдың керек емес екені, Оған жайнаған ұлдың сүйкімді екені тайға таңба басқандай анық айтылған, атасының сөзі екендігіне тіпті тұспал да жоқ. Бұлақ көзі деген ол да жаратылған нәрсе емес пе? Алла, Ол тек Жаратушы. Кәлима, иман келтіру сөзі, онда: Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед (с.ғ.с.) Оның құлы әрі елшісі демей ме? Пайғамбардың (с.ғ.с.) өзі құл болса, біз ше?.. Өзін көзі ашық, көкірегі ояу, зиялы азаматтардың қатарына жатқызатын қазақтың баласының мұны білмеуі ұят дер едім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) және: « Қалауы мен алып келген діннің қалауымен сәйкес келмейінше, ешкім мұсылман бола алмайды»,-деген. Сонда сен бауырым-ау менің қарындастарыма, інілеріме, жалпы қазаққа нені уағыздап тұрсың, мен түсінбедім?.. Құранда: «Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым». (Зәриәт сүресі, 56 аят). «Расында Раббыңның қасындағылар (періштелер) Оған құлшылық қылудан менменсімейді де Оны дәріптеп, Оған сәжде қылады». (Ағраф сүресі, 206 аят)- дейді. Егер періштелер құлшылықтан арланбаса бізге не жорық? Сонда саған сенейін бе әлде, 1400 жыл бойы бір әрпі өзгермеген , теңіз түбінен бастап жеті қат көктің арасындағы нәрселердің бәрін қамтыған қасиетті Құранға сенейін бе? Кім надан?.. Бұл жерде жүздеген аят, хадистерді дәлелге келтіруге болар еді, бірақ оған қажеттілік жоқ. Ал Ақберенді көре алмайды, іші тар деген іні-қарындастарыма айтарым: көре алмайтындай мен онымен бақталас емеспін. Қазақта маңдайы жарқыраған ұл туып жатырса мен неге қуанбаймын? …
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол ақынның білімсіз бейшарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Әуелі аят, хадис- сөздің басы,
Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Қисыны мен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны Алласы,-деп пайғамбар (с.ғ.с.) мен Алла сөзін алға қойып жырлаған Абай атамызды қайсың надан дей аласыңдар?..Онда орынсыз сөйлемей Арайлым, Бақытгүл қарындастарым айтқандай әуелі зерттеп, сынға да орынды жауап айтылғаны мақұл. Ақберен өзіндік сара жолы бар жақсы ақын, бірақ қателеспейтін Құдай емес, ол да пенде. Бірақ оның деңгейіндегі ақынға мұндай білместікті жіберу менімше дұрыс емес. Тіпті оны өзіме жақын тұтатынмын. Оның өлеңдеріне риза болып, айтпақ ойына, сол тақырыпқа деген өз көзқарасымды мен де өзімше шимайлайтынмын. «Иман, Дұғалау, Амнезия, Ақірет, Горький саябағындағы ойлар» атты өлеңдерінің астында шын жүрегіммен өз ой- тілегімді білдіргенмін. Көре алмай қызғанған адам олай жазбаса керек еді… Менің де көкірегімдегі нәрсеге Алла куә. Әлі де тілегім сол. Кір іздеп күнә ақтарайын деген емеспін. Ал ініме поэзияда жалғыз емессің деген сөз көре алмаудан емес, оның сөздерінен тәкаппарлық пен мен бәрін білем деген ойдың сарыны аңғарылғандай көрінгесін айтылған дүние. Алла тағала қасиетті кітабында: «барлық тәкаппарлар мен мақтаншақтарды да жақсы көрмейтінін» баяндайды. Шынымды айтсам жазғым келмеген, бірақ мен де шыдамадым. Ал өлеңнің шариғатқа қатысы жоқ дегенге айтарым: Алланың аты аталғанда ауызды абайлап ашқан дұрыс қой дер едім. Алла тағала қасиетті кітабында: «адам баласына өз ата-анасынан, бала-шағасынан, дүние-мүлкінен, тіпті күре тамырынан да жақын екенін ескертеді». Бұл сөз таластыратын жер емес екенін білсем де айту парызым деп санадым. Осындағы Факир ініме айтатыным: өлеңнің құрылысы мен мазмұнын, сөз саптау сарынын және оның рухани деңгейі мен теңеу тұрғысын, сенен кем білем деп айтпас едім… Былапыт нәрседен аузыңды сақтағаның өзіңе жақсы болар еді бауырым, сөзіңді ластан аршып, зерделеп барып айтсаңшы. Құраннан хабары болмаған жандар туралы: «Алла тағала олардың жүректері мен құлақтарын мөрлеп тастаған. Әрі олардың назарларында перде бар. (Бақара сүресі, 7 аят),-дейді. Тағы да: «Дүниеде көзі көр болғанның Ақыретте де көзі көрмейді» (Исра сүресі, 72 аят),-дейді қасиетті кітапта. Өлеңімде қаттырек, қара сөзімде қара дүрсіндеу кетсем кешіріңдер. Ал менің қанша хадис, қанша Құран оқығанымды Жасаған Ием Өзі біледі… Құранда құлшылық туралы 373 жерде, серік қосу туралы 104 жерде айтылған. Пайғамбарлардан басқа жандардың барлығына қателік пен күнәдан қорғаныш жоқ. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер кешірімге ие болғыларың келсе, сендер де басқаларға кешіріммен қараңдар»,- деген. Алла қателіктерімізді кешіріп, жүректерімізге Өзінің мәңгілік мейірім нұрынан сусындауымызды нәсіп етсін. Ал Ақберен інім, саған Алла тағала иманның тұңғиығын тарту етіп, шаршамайтын шабытты серік етсін. Шын жүрегіммен тілеймін. Қазақтың шыңына шынайы иманмен көтеріл. Жаратқан күш берсін. Мұқағали тауының етегінде тұрып, исі қазақты Исламның кәусарына шақырған, асыл сөздердің арнасын тамашалауды Жасаған Ие бәрімізге сыйласын. Алла тәкаппарлық пен мақтаншақтықтың ауылынан алыс қылып, ата-бабамыз салған сара жолда жүруді жазсын.
Расында Алланың жүректеріңдегіні білетіндігін біліңдер.(Бақара сүресі, 235 аят).
Санаған жеті атасын қазақпын Алла,
Қаным да, жаным да мұсылман.
Мен де бір ұлымын қазақтың Алла,
Көңілім көкте құс ұшырған.
Сәждеге бас қойған құлыңмын Алла,
Жырым мен жайнамаз серігім.
Өзіңе белгілі сырымның Алла,
Өзіңе тапсырдым ерігін.
Иманның көліне шомылдыр Алла,
Ібіліс іргемнен алмасын.
Ізімді ізгілік өмір қыл Алла,
Жанымды жақсыға жалғасын.
Ақиқат еді , анығы жазғаным Алла,
Үнімді қандасым ұқпады …
Күнәлі болып, кете жаздадым Алла,
Бірақ та қарсы боп шықпадым.
Жоқ едім, бар етіп жараттың Алла.
Кешірім бергейсің күнәма.
Мен бұл өмірге қонақпын Алла.
Көтермес жүкпенен сынама…
Мен қойдым.
.
Не деген назиктик! Ана мен баланын арасындагы мундай сырласуды казак поэзиясында бурын-сонды кездестірмедік…
Акберен акын да (созге) адал, агынан жарылган (имани)Орынбасардыкы де орынды!!! Мине,енди батуага келдик!!! Алдарыннан жарылкасын!!!
Рахмет Әбеке! Сізге де Алла Разы болсын.
Акберен бауырым, анаң жайлы жақсы жазыпсың. баланың анасын қандай ұлы затқа теңесе де ағаттығы жоқ деп ойлаймын Ол сенің білімсіздігіңнене емес, өз ішкі сезімің деп білем.Сау бол, сақ бол бауырым.
Акберен ага, кайтыс болган анам елестепғ козіме жас келді! Тамаша! Болмаган балалық шақты окып, бір жылағам, мына оленінізді окып бір жыладым! Анасын күткен сары бала анасын жырға қосқан ҰЛЫ АҚЫН болып қалыптасыпты! Коп рақмет! Жаңа өлеңдер тусын!
салматызба ағай өлеңіңіз ұнады мен сіздің өлеңіңізді семинарға оқуға таңдап алдым нақышына келтиріп оқимын басқалары да естіп толғансын
“Adamnyn” tubine jetetin – “adam”!
Kore almaimyz. Oitkeni “baskadan” kop bilemiz. Sol “baskadan” kop biletin, kop okygan “adam”, “ozi” – “adam” – turaly, juz paiyzga bile me eken..?
Kurandy okyp bilu arbir pendenin, “adamnyn” paryzy. Albette, ozin “musylmanmyn” degen kauymnyn.(kai bir ulttan bolmasyn).
“Adam” balasynyn sanasy jetpeitin, “adam” balasyna beimaglym tylsym duniedegi – (материя) – ol “adam”. Biz aueli “ozimizdi” tolyk juz paiyzga zerttep bilip alaiykshy. Muny bilmei jatyp, biz – “adamdar” nege osydan – 1400 жыл бойы бір әрпі өзгермеген , теңіз түбінен бастап жеті қат көктің арасындағы “нәрселердің” бәрін қамтыған қасиетті Құранға shuiligemiz?..
“Biz” aueli – “adamdar” – osyny zerttep bilip alaiykshy..
Sonan son baryp “ultty” zerttei jatarmyz..
Jaugershilik zamanda “kandai” halykty “kai” halyk kuldykka alyp jatpady…
Sapyrylyskan bir naubet…
Shyndygyna kelsek, eshbir “adam” ozin – men osyndai “ulttanmyn” dep daleldei almaidy..
Bulda bir sapyrylyskan zaman..
Nurjan_muslim92
Nurjan_muslim92
Allanin nuri jausin sizge!
Бари жаксы деген мама емес ана десе керемет болар еди ау казактар
Былшылдақ. Ақберен ақын емес.
salemestsizderme dostar?!oho olenderin kuwti go bazzar jok
Akbergen moladets jaksi jazipsiz!jurttin jamandaganina nazar audarmai-ak koiniz.kuwti wigipti.
РАХМЕТ,АКЫН АГА,ОЛЕНДЕРИНИЗ ЕРЕКШЕ АСЕРЛИ ЕКЕН!АМАН БОЛЫНЫЗ!ё
Ержан Бауырыныз
сіздер жақсы әлен шығардыңыз бірақ көңілді айту керек әйтпесе аналарын ренжіп жабырқаңқы болады мені тындасандар аналарын қуанады!! ал алғааа аналардың қуанышы үшін!!!
ал тындайсындар ма!!!!
сенесіндер ме менин дядям жазушы мен онын кітаптарын оқып отырмын онын фамилясы Оспанүлы!!!!!!!!!!!!!
Мама
Мама,көрдім сені түсімде,
Нұр бейненнен бір салқындық сезілді.
Жаурап жаным жалғыз бөлме ішінде,
Сені ойлаумен сәби жүрек езілді.
Өнім де ме мүмкін болар түсімнен,
Еңсен түсіп кетіпті ғой жан мамам.
Сенің ғана қадіріңді түсінгем,
Зұлым көзбен қарағанда бұл ғалам.
Қалаға қамадым ба?өзімді,
Мейірім күтіп,әр бір таңға үнілем.
Сағындым ғой,сағындым ғой өзіңді,
Шуағы жоқ мылқау түннен түңілем.
Мен өзіңді аспан жақтан сұрадым,
Еркелетіп емдей ме деп мұнымды.
Ұзақ тұрып жалғыздықтан жыладым,
Білсен мама шынымды.
“Мен сені Тәңірден сұрадым, мама,
Осы арудың құрсағына бітемін деп.”-деген дей
мүмкіндік болса тас баур аналар, жетім сәбилер болмас еді.
Erjan sizdin mama olenin okyp katty jyladym,juregimdi katty seilttiniz,mende Anamdy katty sagyndym,sagynywymdy kalai basarymdy bilmeimin!sizden otinerim Ana turaly olenderinizdi ji jazyp turynyzwy!sizge Alla razy bolsyn
Magan jumystastarym “sende osy jurek jok deitin”…Bugin ondai aiyptan kutyldym…jyladym…ensemdi kotere almadym…solkylymdy basa almadym… Sizdin kudiretti oleninizdin aldynda, Anama degen sagynywtyn aldynda men darmensiz ekenmin…Rahmet..kudyretti olenderiniz olmesin’wi,Aga!
Өте жақсы жазыпты, маған ұнады!))))))))Жүректі тебірентеді!!!
Ақберен, “Болмаған балалық шағыңызды” оқып болғаннан соң, өлеңдеріңіздің ішінен ана туралы өлең іздеп едім, таппадым. Енді міне, сіз де анаңызға арнап өлең жазыпсыз! Жарайсыз, батылдығыңыз үшін, кешірімшілдігіңіз үшін сіздің алдыңызда бас иемін!Мамаңызға арнап шығарған өлеңіңізге анаңыздың атынан РАХМЕТ айтқым келеді. Аман болыңыз!