Менің сұрғылт ойларымның ішінде,
Жылап отыр жараланған періште.
Күйдірейген еркек сайтан түсімде,
Айтқанымды дауыстайды терістеп.
Бір хабарды жеткізуге келгендей,
Жылап отыр, о неліктен, аппақ рух?
Жаһандағы жалғыз досым өлген бе,
Қайдан келді, қалқып ұшып батпырауық?
Рухы келді мүлде басқа аспаннан,
Әлденеден қалтырайды жер бүгін.
Сорлы Ібіліс, бұ дүниеге тасталған,
Орындатпақ болғаны ма жарлығын?
Мүмкін біреу көрді ме екен Құдайды,
Содан бері ол бейшара мазасыз?
Ол бейбақтан ұрпақ енді тумайды.
Бірақ мәңгі өмір сүрер қазасыз?
…Әлде, биыл көктем келмей қояр ма,
Қыстан кейін қайта айналып келер күз?
Әлде, біреу лашығында оянған,
Қалған шығар жалғыз өзі, әлемсіз?
Ей, періште! Ақ қанатты жолдасым,
Жылымашы, жыламашы, білемін…
Бір сезімді жоқтап келген шығарсың,
Ал, мен саған сұрақ қоя беремін…
Сезімі жоқ құлазып тұр жүрегім,
ЕҺ, періштем, махаббат қой – тілегің…

Бір сезімді жоқтап келген шығарсың,
бәлкім…
Иә,Ақберен,өлеңдерің керемет! Шығармашылығың күн сайын шарықтап, шабытың таси берсін!
Ақберен ага сезім туралы өлен жаззаныз! өтініш!
Тамаша! шығармашылық шабыттілеймін!
ТУған күнге тілек өлеңін жазасыз ба? Өтініш
Керемет шығарма екенін айтқым келеді. Сонымен бірге мына өлеңді оқысам өзімнің жан дүниемнің бір кездері құлазып жүргендегі сезімдерімде еске түсіреді.
Керемет өлендер! Сайтыңызға өзіңізбен замандас талантты ақындардың (Маралтай Райымбекұлы, Есенғали Раушанов, Танакөз Толқынқыз т.б.) да өлеңдерін ендірсеңіз.
Ореке, бұл менің жеке ресми сайтым ғой.
Аты аталған ақын ағаларым мен апайларым өзінің жеке сайтын ашуға қауқарлары бар деп есептеймін…
Менің сұрғылт ойларымның ішінде,
Жылап отыр жараланған періште.
Акберен…………………..
………………………………!
Кушті!!!!!!!!
Сез!м! жок кулазып тур журег!м, Еһ, пер!штем, махаббат кой- т!лег!н… оте жаксы, маган катты унап отыр.
Керемет туынды. Өнеріңіз өрге өрлей берсін!
Ага мен сизге тк саттилик тилеймин АЛЛА ЖАР болсын
Салеметсизбе. Маганда лерикалық өлендер унайды сіздін өлендерінніз керемет екен оқып керемет лаззат алдым Сізге шығармашылық сәттілік тілеймін. Шаршамаңыз Ауырмаңыз. Халқыңыз үшін қызымет ете берініз.
Ага саламатсызба,шынымды айтсам сіз туралы бірінші рет көрип отырмын. Бирақ туындыларыныз оте оте унады. Саттилик,сіздей ақындар кобейе берсин қазақта…..
Оте керемет! Жарайсыз!
Ага олендериниз оте керемет кушти Абай атамыз айткандай кулактан кирип бойды алады…..Ісіңіз оңға баса берсін.
Өте керемет.
Жанарымда жас тұнып.
Жүрегімде тас құлып.
Махаббатын жастықтың,
Кеттім мұңмен бастырып.
Күлкісінен күн күліп,
Көрсететін мың қылық,
Көктемімнің қыр гүлін,
Алдым қалай сындырып?…
О жастығым жындылық.
Берген Тәңір сын қылып.
Бар сезімді аяулы,
Жоқ етіпсің тындырып…
Белгісіз боп дерегі,
Махаббатым жоғалды…
Таппаған соң керегін,
Жүрек жырын доғарды.
Санам кетті сандалып,
Сезім шегіп сергелдең.
Содан әрең жан қалып,
Өлеңменен емделгем…
Салеметпе ага!Сиздін шыгармаларынызга табыс тілеймін!Алла жар болсын!
түк ұйқас жоқ! классик ақын болғыңыз келеді, бірақ…
Орынбасар, сізден бірдеңе шығады……
Акберен тамаша шыгармашылык табыс,акындык сезимине шабыт,жазган шыгармаларын копшиликти куанышка ардайым болей берсин.
Керемет.
Оте жаксы!
оте керемет создер жане тек кана табыс саттилик биіктерден корине бер
maxabbat segiz arip . bir arman demeime. wynaiy maxabbatty barimiz armandaimyz goi.al sizge sol wynaiy maxabbat basynyzga konsyn deimin.
keremet olen…Perishte…
Сұрғылт ойда сұрақ боп жатты өлеңің,
періштеңе қырыңдап бақ пен өлім…
сайтан сенен қызғанар перілерді,
ал періште…сүйеді Ақберенін!
Nurjan kydyrAli jaraisyn Akberen aga turaly mykty aittyn
Orynbasar Zh. Degen kim- ozi a?
базар жок
АКБЕРЕН аҒА ЖУЛДИЗИНИЗ жана берсин Отбасиниз аман болсин
Акберен ага,журектен жарып шыккан жалынды жырларыныз жырлана бергей! Олендерінізден жанымызга керекті тылсым сезімді терен сезіне білеміз! Шыгармашылыныз гасырдан – гасырга жалгассын, ардайым аман болыныз!
Журекке накты маxаббат олендерi керемет екен,маган катты унады,бул олендердi еш нарсемен айырбастауга болмайды.Менде акындык жагынан жакын едiм,олен шыгарып маxаббатты жырлаймын,раxмет ага олендерiнiз керемет сырлы мадени олендер екен.
Жастар, акыннын шыгармашылыгына бага беру ушин окырманнын ореси де соган сай болуы керек деп ойлаймын. “керемет” десендер не ушин керемет екенин далелдендер, нашар болса онын себебин тусиндириндер. беталды мактап-даттаудын кажети жок.
Есiмiн озине жараскан Акберген,
Онерлi талант,бойына бак енген,
Кошемет саfан колдаймын,
Сенимин акта жастардын,озине енди нак сенген.
Талабыңа нұр жаусын, Ақберен!
Аға тамаша жазылған.Шығармашылығыңыз шыңдала берсін
Жыр жазамын өзіңді сағынғанда
Аққу аңсап айдынын сағынған ба?
Жүрек шіркін көруге өзіңді ынтық
Ақпан айы мұз құрсау тағынғанда
Сағынамын өзіңді жаным күнде
Оттар сөнген қараңғы айлы түнде
Көзімді жұмсам болды,сол бір елес
Естіледі құлағыма таныс үнде
Келмесіңді көрмесімді білсем де мен
Құмарым да ,шерім де ьолдың ғой сен
Әншейін құр қимылсыз елес бейнең
Соның өзі жете алмас сағыммен тең
Құр сүлдерім ойлансам қалады тек
Шіркін жанымды жұбатсаң ғой кеп
Тек бейнеңді көрсем ғой сырттан ғана
Соның өзі мен үшін жұбаныш леп
Сәлемнен сізге деген құрметпен махаббат періштесі
Жыр жазамын өзіңді сағынғанда
Аққу аңсап айдынын сағынған ба?
Жүрек шіркін көруге өзіңді ынтық
Ақпан айы мұз құрсау тағынғанда
Сағынамын өзіңді жаным күнде
Оттар сөнген қараңғы айлы түнде
Көзімді жұмсам болды,сол бір елес
Естіледі құлағыма таныс үнде
Келмесіңді көрмесімді білсем де мен
Құмарым да ,шерім де ьолдың ғой сен
Әншейін құр қимылсыз елес бейнең
Соның өзі жете алмас сағыммен тең
Құр сүлдерім ойлансам қалады тек
Шіркін жанымды жұбатсаң ғой кеп
Тек бейнеңді көрсем ғой сырттан ғана
Соның өзі мен үшін жұбаныш леп
Сәлемнен сізге деген құрметпен махаббат періштесі