Болашаққа бастап еді бір ізгі,
Сезімдерім – сыбызғы…
Сыбызғыдан мөлдірейтін үміттер,
Үмітімді кім үзді?
Саған еді сол әуендер арналған,
Ноталары жаратылған арманнан.
Ол ноталар жүрегімде бүр жарып,
Кірпігіме жалғанған.
Сен естісең, көкіректен ол күйді,
Жаның сенің өзді-өзінен шалқиды.
Қазір ол күй отты, суық дірілмен,
Бар бойымды шарпиды.
Дутар-жанның жұқарған ба тиегі,
Бүгін ол күй көңіліме тиеді.
Сені қанша жырлағанмен, айтшы кім,
Дәл өзімдей сүйеді?!
Ұмытам деп талай-талай серттестім,
Тәңір жаққан өшіре алмас өртті ешкім!
Сол баяғы сахнасы жоқ кеудемде,
Сезімдерден күй ойнайды оркестр!

“Сол баяғы сахнасы жоқ кеудемде,
Сезімдерден күй ойнайды оркестр!”
“Махаббат симфониясын” осы жолдар үшін ұнаттым,сезімдері-сыбызғы, бірақ, жаны-дутар ақын
Сезім- жанын жапырагы,
Тозім-тамыр жаяр атырабы
Жан-жаксылыктан желпінеді,
Коніл куаныштан серпіледі .
ЖАН терБЕТЕР олен
ИЯ,МАХАББАТСЫЗ ДҮНИЕ БОСДЕГЕН -ҰЛЫ АБАЙ. ОҚЫП ОТЫРЫП СУЙГЕН АДАМЫМ ЕСІМЕ ТҮСТІ\ МАХАББАТТЫҢ ЖЫРШЫСЫ БОЛУЫҢЫЗҒА ТІЛЕКТЕСПІН\ АЙГЕРІМ ҚАЛИАХМЕТҚЫЗЫ.
Дутар-жанның жұқарған ба тиегі,
Бүгін ол күй көңіліме тиеді.
Сені қанша жырлағанмен, айтшы кім,
Дәл өзімдей сүйеді?!
Ұмытам деп талай-талай серттестім,
Тәңір жаққан өшіре алмас өртті ешкім!
Сол баяғы сахнасы жоқ кеудемде,
Сезімдерден күй ойнайды оркестр!
Менин ойымды окыган сияктысыз!КАЛАМЫНЫЗГА НУР ЖАУСЫН,АКБЕРЕН АГА!