03.04.11

Мен. Ол. Жоқ.

Шуақ шаша келер кейде,
«Өмір түнек емес!» – деп.
Көшелерде саған бейнем,
Маған бейнең елестеп.

Өң мен түстің арасында,
Сенделерміз екеуміз.
Елестердің қаласында,
Сағым болып өтерміз.

Сағыныштан еріп кетіп,
Жеріп кетіп аңсаудан.
Көз алдына келіп-кетіп,
Жоғалармыз қарсы алдан.

Сосын ұзақ қарап тұрып,
Қош айтармыз сағымға.
Тоқтатуды қалап тұрып,
Жұтылармыз жалынға…

475 рет қаралды

3 Пікірлер “Мен. Ол. Жоқ.”

  1. МУНИРА:

    БУЛ дуниенін озі жактан жаралып,йа жок болмайма?!

  2. Айнур:

    Айтар соз жок! Гашык жаннын барлыгы да бiр тiлде сойлейдi гой деймiн… Журек тукпiрiндегi аласапыранга тускен уні жок мунды каламнын ушынан тогiлтiп оленмен оресiз. Абыройыныз аскактай берсiн!

  3. вискоза:

    Иа бул менін ғашык журегімнін уніне катты уксайды екен!Рахмет Ақын аға!Алла жар болсын сізге!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion