03.04.11

Мен сен үшін сүйемін адамзатты

Сағыну мен аңсаудан, сенесін бе,
Мәжнүн жанның айналдым елесіне.
Нұрлы жүрек құлпырып, құбылып тұр,
Періштенің ілінген жебесіне.

Қорлансам да армандар мазағынан,
Бас тартпадым сезімдер азабынан.
Шөліркеген жүрегім махаббатқа,
Сіміргісі келіп тұр таза мұңнан!

Болмысына айналып көлеңкенің,
Сыбырынан гүлдердің көрем сені.
Мен сен үшін сүйемін адамзатты,
Біліп қойып қуанды әлем соны!..

867 рет қаралды

18 Пікірлер “Мен сен үшін сүйемін адамзатты”

  1. kalamkas:

    міне, коркем олен!

  2. Назгуль:

    Кіршіксіз сүю деген бақыт қой. Сезіміңізді, толғанысыңызды оқырмандарға жүрек арқылы жеткізе білесіз.

  3. МУНИРА:

    Т.Жомартов; Уйретер озі бул заман
    Асыкпасан байкарсын,
    Нелер жаксы не жаман -депті .
    ТАЗА ниет пен СУЮде улкен онер гой ОТЕЖАКСЫ

  4. Айгерім Кудекова:

    БҰЛ ӨЛЕҢ ӘЛІ АЯҚТАЛМАҒАН СИЯҚТЫ… СОЛАЙ МА: СОНДА ДА МАҒАН ҰНАДЫ\ ӨТЕ КРЕМЕТ\ АЙКО.

  5. Гулмира Жезқазған:

    Өлеңдеріңіз ұнады.2-3 рет оқымасам кейбір ойларды түсінбей қаламын.”Бақытты адам ғой -ол адам” деп пікір айтқан кісінің сөзіне қосыламын.Өлең әсерсіз тумайтын шығар.

  6. Рүстем Еркінұлы,, жорналшы:

    Керемет! Жақсы жазылған жырдан жаным жадырап қалғандай әсер алдым. Бәрекелді! Жаза бер, Ақберен! Алла қаламына қанат бітірген сендей ақын қазаққа керек. Алла жар болсын!!!

  7. Г,С:

    молдір махаббат…адемі олен

  8. Амангелді. Жаңа-Арқа:

    Сүю – сенің жаныңның жарық нұры. Ал бұны сезіне білу ақын Ақберенннің жүрегінен, қаламынан табылған секілді.Жарайсыз аға

  9. Раян Усенкызы:

    Қорлансам да армандар мазағынан,
    Бас тартпадым сезімдер азабынан.
    Шөліркеген жүрегім махаббатқа,
    Сіміргісі келіп тұр таза мұңнан!
    мына жолдар катты уанды маган мен 1жыл “корлансам да армандар мазагына” сонгы сатте аз калганда Бас тарттым сезимдер азабынан=(((((((( олен керемет жазылган ага сизге шыгармашылык шабыт тилеймин

  10. Кымбат:

    олениндерин журекти ауыртады екен.

  11. ЖӘНІБЕК ЕЛЕМЕС:

    өте керемет! Сізбен қалай жолықсақ болады?

  12. Ақберен:

    akberen.80@mail.ru осы адреске жазыңыз, келісе жатармыз…

  13. Жанибек Елемес:

    Ага, мен талапшыл жас акынсымак едим. Олендеримди газет-журналдарга жиберуге де батылым жетпей журген жайым бар.

  14. Жанибек Елемес:

    Салтанат Толегенкызын таныйсыз ба? Сол киси олендеримди окып корип, журналына шыгаратын болды. Маган, -Акберенге еликтейди екенсин,-деп, айткан болатын. Бирак мен сиздин олендеринизди жакында гана окыдым. Салтанат апайым айтканнан кейiн кызыгып карастырдым.

  15. Ақберен:

    Салтанат Төлегенқызын танымайды екем…Ешкімге еліктеме! Өлеңге адал болсаң, өзіңнің қолтаңбаң, өзіңдік сүрлеуің шығады.

  16. Ақберен:

    Тұра тұр, Салтанат Төлегенқызы дегеніміз Айбергенова ма? Онда кешірім сұраймын. Қате менен.

  17. Ақмоншақ:

    Акберен тал тусте адасып не болды сизгежауап жазарда ойланбайсыз ба

  18. Аяулым:

    керемет!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion