Мен сезімді сұраған ем Тәңірден,
Түңілген соң өмірден.
Неге менің мұңға ғашық жүрегім,
Жаралмаған темірден?
Тамшы болып үзілердей инеден,
Жүрмін қазір күйде мен.
Кеуде тұсын жаныштайды асыр сап,
Күдік-жындар билеген.
Тағдыр мені доға қылып иіп тұр,
Маған ауы-ы-ыр тиіп тұр.
Кеберсіген ерінімнен шошимын,
Ішім сұмдық күйіп тұр.
Махаббаттың қуатынан жанамын,
Жаутаңдаса жанарың.
Өмір жайлы білмейді екем ештеңе,
Мен әлі де баламын.
Отыз жастың қанша күні өртенді,
Сынбаса екем морт енді.
Жалғыздықтың сазын тыңдап жатам ба,
Құшақтап ап көрпемді?..
Жоқ-жоқ деймін!
Түсе берсін басқа сын,
Ойламаймын басқасын.
Сенсіз қалсам, мен сайтанға айналам,
Құдай мені сақтасын!

Құдай сені сақтасын!!!
Сіздің сайтқа алғаш рет кіріп отыр ем, өлеңдеріңіз жап-жақсы! Тәңірден сұраған сезімдер көңіл төрінен орын тепсін!
Excellent!Excellent!Excellent!Excellent!
Ана сүтін аңсаған баладаймын.
Сары уайым көңілге салады-ай мұң.
Естімей-ақ жылы сөз жақынымнан,
Қу өмірге көңілім қалады-ай мың…
Түсінбейді, мен қайтіп түсіндірем?…
Жанған жалын, лапылдап ішім кілең.
Өмір бойы сол өртті сөндірем деп,
Салып келем өзімнің күшімді мен.
Не деймін, енді қайтіп ұқтырамын?…
Қос көзімнен сорғалап шық бұлағым.
Өзімді сезінемін диуанадай,
Таппаған дүниеден түк тұрағын…
Керемет шығарылған өзіңіз шығардыңыз ба
“Тұмар” дурналының бірінші бетіне сіздің суретіңіз бен екі өлеңіңіз жарияланды.
аға бұл өлеңізді мен агенттен блокта оқыдым, о кезде мен катты ғашығымды сағынып жургем, өлеңді оқып қатты тебірендім. Йа, оған да сіздің өлеңдеріңізді оқып берсем үнемі керемет өлең деп мақтайды…………………….. маған да барлық өлеңдеріңіз ұнап жүр, бұл сөздерім , бұлтартпас шындығым
Неге менiн мунга гашык журегiм,
Жаралмаган темiрден?
Осы олен ерекше унайды!Жазганыныздан жазарыныз коп болсын,ага!
ӘНІҢІЗ ӨТЕ ӘДЕМІ,ШЫНАЙЫ
Керемет олен!менiн жаныммен осынша ундес болар ма?Рахмет,Акберен ага!!!
Отыз жастағы қылшылдаған жігіт үшін өлеңдеріңіз… сары уайым… сарсаң ба деймін… әлде сентиментализм бе?