14.01.10

Мен тағы да бұл әлемге келер ем

Мен тағы да бұл әлемге келер ем,
Жатқан кезде қыс сарғайып, күз көктеп.
Мен бағбанға гүл орнына берер ем,
Жұпарланған жырларымды тізбектеп.

Өтіп кетер өкінішті өмір бұл,
Бір Құдайдың өзгермейтін заңы бір!
Мені тағы ақын етсе Тәңірім,
Бұл жалғанға келер едім тағы бір!

907 рет қаралды

4 Пікірлер “Мен тағы да бұл әлемге келер ем”

  1. Жанерке:

    Йәәә,өмірді қайта сүруге мүмкіндік болса,шіркін?! Сөзсіз, мен осы ғұмырды таңдар едім… Дәл осы күйді, дәл осы сәтті қайта кешуге келісер едім, әттең тек біз ойлағандай бола бермейтіні өкінішті-ақ…

  2. Берік:

    Егер өмір өткінші емес болса, ол “өмір” де емес болар еді:

    “Кесіп өт, шексіздікті қарайламай,
    Шетіне шығып кетпе абайламай.
    Шетіне шығып кетсең абайламай,
    Қайта орал Тәңрім деп ойбайламай”

    деп әзілмен шабыт бергім келеді, ренжімессіз, шабыт тағы да шабыт және қуат берсін!!!

  3. Ақберен:

    Амин! Рахмет!

  4. Айгерім Кудекова:

    aga salem.olen kuwti.tagy da omir surgim kelip ketti……..allam sizge uzak gumyr bersin!!! Aiko

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion