14.01.10

Мен жалғанға келгем Сені көруге

Мен жалғанға келгем Сені көруге,
Өзің үшін қуану мен жылауға.
Көркем көзің маған жылу беруге
Арналмаса, айналамын қырауға!

Мен дүниеге келгем Сені естуге,
Ғашықтықтың қайғы-зарын білуге.
Мәжнүн күйін бастан кешкен естіге
Бұйыр енді өлуге!

Мен білгенмін…
Құмар жанға жаза – мың,
Дүниеге келген сәтте-ақ  ұрындым!
Басылғанда жүрегімнің азабы,
Мекеніме қайтып кетем бұрынғы…

1376 рет қаралды

10 Пікірлер “Мен жалғанға келгем Сені көруге”

  1. Гүлзира:

    Ой шіркін, махаббат – ай,
    тебіренткен де, телмірткенде өзіңнің құдіретін.

    Керемет аға!
    Алла жар болсын!

  2. Жадыра:

    Кушті екен!!!

  3. Қайрат:

    Рахмет ағажан!!! Керемет екен

  4. Гулнара:

    Мен жазып жаткандаймын

  5. Айнұр Опиқызы:

    қаламын ұштала берсин! Тамаша өлең!!!

  6. вискоза:

    Иа менде Абылай ушін келгем бул жалганга жане сол ушін омір суремін!Бул оленді соган арнап окып берсем карсы болмайсыз ба Ақын аға?!

  7. Ақберен:

    Оқи ғой, Абылай риза болса болды емес пе!?)))))

  8. alimjan:

    Тагы унарсын…
    бiреуге,
    тагы унарсын !!!
    Тагы да унап,
    тагы да жаныларсын.
    Менi балкiм каншама жек коргенмен…
    Жек корiпте отырып сагынарсын !!!

  9. alimjan:

    ага сиз неге ашык жане жабык буынды коп колданас?

  10. Журек кылын шертетин тамаша олен! Менин журегим де дал осы олен жолдарын косыла айтып тургандай... Шабытыныз шарыктай берсин! Рахмет, сизге, :

    Айнаш Еркинбеккызы

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion