Мен өмірді өзгертем деп талпындым,
Өмір мені өзгертті.
Сен де енді меніменен алтын Күн,
Ғарыш жақтан сез дертті…
Мен тағдырды басқа арнаға бұрам деп,
Жаңғырыққа жолықтым.
Өлең маған, мен өлеңге сыңар боп,
Қалған екем, соны ұқтым…
Мен адамды іздеп едім сыртымнан,
Жасырынды ол ішке.
Көк сеңгірден бұлдырады бір тұлға,
Ақ қанатты періште…
Мына әлем жаратылған сезіммен,
Және сұлу өрістен.
Өз-өзімді көріп тұрмын көзіммен,
Аппақ нұрлы пейіштен…
Мен әлемді сүйемін деп жар салдым,
Ғашық болып өмірге.
Мен бақытты жүрегіммен қарсы алдым,
Апаратын Тәңірге!

Мен әлемді сүйемін деп жар салдым,
Ғашық болып өмірге.
Мен бақытты жүрегіммен қарсы алдым,
Апаратын Тәңірге! ——— ?????????? Менің басымдағы жайтты айнытпай суреттепсің…
Маган мына жолдар унады Каламыныз карымды болсын
Мен өмірді өзгертем деп талпындым,
Өмір мені өзгертті.
Сен де енді меніменен алтын Күн,
Ғарыш жақтан сез дертті…
Мен тағдырды басқа арнаға бұрам деп,
Жаңғырыққа жолықтым.
Өлең маған, мен өлеңге сыңар боп,
Қалған екем, соны ұқтым…
Мен Сізді кордім… сыртыныздан… жакындайын дедім, датім бармады, кутты бір екі табанымды шегелеп тастагандай… манызды емес… Мен Сізді кордім!
жана олен тындагым келед1
Өлеңдеріңіз керемет! Табыс тілеймін!
Бұл олен акын бакыты,,,,,йа арине сіздің бақытыныз туралы,,,, олен керемет