Менің досым жырақта жүр.
Кешегі уақыт қалада…
Күмбірлейді құлақта жыр…
Мұң тұнып тұр санада.
Мұңым – батпан. Соны білдім.
Ақыл үнсіз, тіл түгіл.
Бұлт ішінен сары іңірдің
Қимылдайды кірпігі.
Кешегі бақ – даңғыл түбі.
Кешегі бақ…
Сау о да.
Сағыныштың сарғылтымы
Ілініп тұр ауада.
Көңілімді шешінбесем…
Көрінбейді жарадан…
Қашып кетті досым кеше.
Менен емес. Қаладан.
Кеше ғана, кеше ғана
Қасымда еді жас досым.
Дұшпандарға қасақана
Екеуара бас қосу…
Бал сырадан қанып ішіп,
Отырысу қарайып…
Бүгінгі іңір – сары мысық,
Пырылдайды жабайы.
Бал сыраны төге салдым,
Құрғап тұрған кесеге.
Кездеспеуге көне салды,
Кешегі уақыт көшеге…

Менің досым жырақта жүр
Менің досым жырақта жүр.
Кешегі уақыт қалада…
Күмбірлейді құлақта жыр…
Мұң тұнып тұр санада
Кешегі бақ – даңғыл түбі.
Кешегі бақ…
Сау о да.
Сағыныштың сарғылтымы
Ілініп тұр ауада.
Жырақта журген Доымды катты сагындым! Осы өлең жолдарын оқып сагынышымды басқандаймын!!!Керемет!!!!!
салеметсіздер ме маган менің досым туралы әнгіме керек еді тауып берініздерші.жане кыз сынына арналган таныстыру жазып жебересіздерме ренжімесеніздер.www.jas_2000@mail.ru