06.04.10

Метафизика (2)

Маған ауа көп нәрсені үйретті,
Содан болар, сұрақтарым сирепті.
Қандай құдырет!
Ауа алып құйын боп,
Көз алдымда жаңбырлата билеп тұр!

Сәлемімді Көк еліне жолдап тұр,
Ол Аспан мен Жер арасын жалғап тұр,
Қалықтаған қауырсын да сезбейді,
Үстіндегі мөлдіреген салмақты.

Бұл ауадан өткен талай жыл көші,
Қалалардың жатыр, әне мүрдесі.
Ауа деген о, дүниені жасырған,
Табиғаттың қатпар-қатпар пердесі.

Нұр мен түнек сол перденің өрнегі,
(Ал, жаңғырық – перілердің ермегі!).
Жел жарықтық – күрсінісі ауаның,
Шылым демі  оның мұңлы кермегі.

Бұл ауаның ұлы күйі – тыныштық,
Ұлы күйді тудырады қыл үсті.
Ауа ғана тоқтатады демімен,
Ең алапат дыбысты…

Ауа  Тәңір күбірінің бір демі,
Күн көрінсе, естіледі күлгені.
Самал үрлеп ол оқиды өлеңді,
Шайқап тұрып бөлмемді…

1003 рет қаралды

19 Пікірлер “Метафизика (2)”

  1. Талғат Дүйсенбек:

    Бұл өлең неге метафизика деп аталады?

  2. Ақберен:

    Жай, әншейін, Талғат.

  3. Байтайлақтың шөпшегі:

    Бұны оқу кейінгі ғасырлардың еншісінде. Қазір біз, тек, шолып өте шығып жүрміз.

  4. Ақын:

    Байтайлақтың шөпшегі отапсың! Бұл кешегі жыраулардың тышып отырып айта салатын сөзі гой….

  5. Ақберен:

    Былапыт сөздеріңізді үйлеріңізде айтыңыздаршы, өтініш!

  6. Данияр:

    Жаксы олен жазылган

  7. Болат Атабаев:

    Метафизика деген құбылысқа үңілсең бәрі түсінікті болады.

  8. Табиғат:

    Оте жақсы өлең екен. Ой күрделі, әрі терең.

  9. Айман:

    Өлең өте тамаша. Ақберен, мен сенің өлеңдеріңнен бір мұң байқаймын. Ойың терең. Маған ұнайды. Өз қолтаңбаң айқын.Рахмет.Қаламың мұқалмасын.

  10. Асылзат:

    Ауа деген о, дүниені жасырған,
    Табиғаттың қатпар-қатпар пердесі.

    +5!

  11. Акмарал:

    Акберен жаксы олен тус!нгенге. Мынадай бейп!л ауыз, былапыт создер айтатын агаларымыз мунда да к!р!п кеткен бе? Буларга дауа жок шыгар, калай уялмайсыздар? Сайтты былгамай уйлер!н!зде от басы, ошак касында айтып отырсаныздаршы.

  12. Ардак КУЛТАЙ:

    Акберен ага, сіздін олендерінізде керемет ойлар бар екен, бірак та курылысын карап корейік:1) 3 шумакта мурдесі және жыл коші деген создердін уйкасы алсіздеу, 2) калалардын мурдесі болмайды, мурде деген адамдар зиратына гана колданылады,3) 4 шумакта “шылым шегу”-ді кереметтей корсетудін орны жок, оны актап ала алмаймыз да,4) барлык олендерінізде барлык сонгы шумактарынызда буын саны кем, окылуга колайсыз… Рахмет, сау болыныз! каламаныз мукалмасын!

  13. Жылойлық:

    Күрделі өлең, бірден түсіну қиын екені рас. Бірақ, сонысымен жақсы өлең.
    Бір сұрағым бар: өлеңдеріңнің аттары: Метафизика, Эллегия т.б. – кілең латын атаулары болып келуінде бір сыр бар ма?

  14. Кеукер Екей:

    Өлең жақсы жазылған, табиғат құбылыстарына бас иіу
    Табиғат алдында адам кішігірім масса. Ауа, Жер, Аспан, Жел, Жаңбыр адамда қоршаған физикалық орта
    Бұл өлеңнен ақынның лирикалық бағытын көруге болады.

  15. Замза Қоңырова:

    Ақберен сен уақыттан озып туған ақынсың! (былапыттар өз былығына батып жата берсін, назар аударма) Сенің бұл өлеңдерің (бәріне қатысты айтып отырмын)ойлы оқырманды таусылмастай көрінетін күнделікті куйбең тіршіліктен бір сәт босатып, өмірінің мәніне тереңірек көз жіберіп, кеңірек ойлануға шақырады. Өнерің өрге жүзсін! Алла жар болсын!

  16. Кәусар:

    Ақберен аға сіздің өлеңдеріңіз маған қатты ұнайды. Барлық өлеңдеріңізді сүйіп оқимын.

  17. Жанашыр:

    Ақынның пікірі ішітарлықтан туған сөз болу керек ,Жыраулар жырлағанда қасында отырғандай сөйлейді екен, Өзінің ойы қандай былапыт болса сол ойдан туған сөзі де құлаққа түрпідей тиеді екен, Ал енді Ақберен бауырым жалпы аяқалысың жаман емес, Ардақ Култайдың кейбір пікіріне қосыламын, Мысалы шылымды басқа бір туңеумен алмастырса,,,

  18. Көзқарас:

    Метафизика деген – өлең емес, сезіну… Борхес метафизика мен ауаны жалғастыру – ең ақымақтық әзіл дейді. Ауаның ұлы күйі – тыныштық емес, тыныштық ес жасампаздығы. “Тәңір күбірінің демі” деген арзан сөздің плагиаттық шешімімен қазақ әдебиетін ластамашы… Өлең сөз емес, өлең… Метафизика Канттың 3 әлемі секілді тылсымнан туатын табиғи көзқарас. Көп оқығаның дұрыс, бірақ, ой ұрлама… Осы өлеңге пікір жазушылардың ішінде латын сөзі дегендер де бар, бұл негізі олай емес, оқырманның да ұсақталып кеткені-ай!.. Қазіргі сізге жағымпаз оқырмандар Ұлт менталитетін ұмытқандар… Қазақтың Жанын, түйсіне алмайтындар… Бұл Менің Пікірім. Ойлан…

  19. Орынбасар.Ж:

    Бұл өмірдің көрінісі, әркімдерге өзінше…
    Біреуге тас жастық болар, өзі солай сезінсе.
    Соқырлар бар көрмейтұғын, жаратылыс ғажабын,
    Құс сайраған бақта жүріп, бұлақ ақса көзінше…

    Мета менен физика шын, ол Құдайлық құбылыс.
    Материялық әлемменен бітпейді рас бүгін іс…
    Ақыл күші таусылғанда, сезім шығып алға анық,
    Рухымен Хақты танып, қылар пенде ұғып іс…

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion