14.01.10

Мінәжат

Сабыр берші Тәңірім, сабыр ғана,
Күйкі тірлік батып жүр қабырғама.
Үміті көп бейбақ ем,
Сандаламын,
Саруайым санамды сағым қамап.

Сабыр берші, Тәңірім, сабыр ғана,
Ынсабыма керегі дамыл ғана.
Сабыр бер де, ақыл бер аңқылдаған,
Жүрек төрін жайласын көңіл–қонақ.

Сабыр берші, Тәңірім, сабыр ғана,
Ойланайын бір уақ шамырқана.
Алабұртып әрнеге, адасармын,
Алтын-күміс, гауһармен жарылқама.

Сабыр берші, Тәңірім, сабыр ғана,
Басқа тілек менен Сен қабылдама.
Барар әлі алдыңа жаным қара,
Тажал тәннің мекені – қабірхана…
Әумин деші…

813 рет қаралды

6 Пікірлер “Мінәжат”

  1. Отияр:

    ЖАҚСЫ ЖЫР! Сабырлы құлын Алла жаксы көреді! ӨЙТКЕНІ, САБЫРЛЫ БОЛУ АЛЛАДАН, АСЫҒЫСТЫҚ ШАЙТАННАН… ЖӘНЕ АЛЛА ТАҒАЛА САБЫРЛЫ ҚҰЛЫММЕН БІРГЕМІН ДЕЙДІ…ХАҚҚА ҰМТЫЛГАНЫҢ БАҚЫТТЫҢ БАСЫ…21 ГАСЫРДАГЫ АҚЫНЫ ИСЛАМДЫ БЕСКЕ МЕҢГЕРУІ КЕРЕК!!!

  2. bagashar:

    alla tagala tilekti beredl.oitkene weksiz meyrimdi.tilekke jetkende tirek bolgan allany umytpagaisyz,aga

  3. Орынбасар.Ж:

    О Жаратқан! Қолдаушы сүйенерім.
    Өзің деп күбірлеумен күйеді ерін.
    Шайпау қатын шайтанның шырмауынан,
    Қорғасын қасиетті киелерің…

    Езілдірмей еңсемді емде мені.
    Қалжыратпай құрт жеген кем денені.
    Жалбарынсам жалынып Жаратушым,
    Жанымның жарық іздеп шөлдегені…

    Адастырма алдымды ашық қылып.
    Жүрегімді жүдетпе жасық қылып.
    Тазала тот баспасын тамырымды,
    Өзіңе өзегімді ғашық қылып…

    Толассыз тәлім іздеп тентіредім.
    Ол кезде ойланбаған еркін едім…
    Әлсіреген шағымда әрең таптым,
    Ендігі өмірімде Сен тірегім…

  4. Еркебұлан:

    Өте тамаша жазылган, қазақ “Сабыр түбі сары алтын деген”!

  5. Науат Исатай улы.:

    Бул дуниеде тек сабырлык кана жетiспейдi-ау кейде.

  6. Адил:

    Иа жаксы жазылган, кобине сабырмен женбей, шыдамсыздыкпен, ашумен куна жасап жатамыз.

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion