14.01.10

Мұңлы бұлттың тоқтамаса жаңбыры

Мұңлы бұлттың тоқтамаса жаңбыры,
Мұндай күні жалғыз қалу – заңдылық!
Тамшылардың арасынан мәңгіріп,
Өткен шақтан қарап отыр мәңгілік.

Өткен шақтан қалқып түсіп естелік,
Қарашалық қар жауар ма кешкілік?…
Бала кезім күліп отыр бақытсыз,
Дау-дамайдың арасынан естіліп…

Неге бүгін еске салдым ауылды,
Қазандағы қайтыс болған бауырды?
Айғыз-айғыз, мұң аралас ғұмырдай,
Жақтырмаймын қар аралас жауынды.

Қара үй – жалған.
Іргесінен із қашқан.
Өлең жолы.
Мағынасыз түз-дастан…
Неге менің қамшылайды бетімді,
Тамшылармен күзгі аспан?…

867 рет қаралды

2 Пікірлер “Мұңлы бұлттың тоқтамаса жаңбыры”

  1. Казак кызы М. К.:

    Бұлт баспасын көңіліңді,
    Ойлай берме шер-мұңды…

  2. Гүлжан:

    менің бүгінгі көңіл күйіме сондай сай келіп отыр. табиғаттың тылсым күшіне де

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion