Әлмисақтан дарыған Тәңірімнен,
Мен де Сіздей ауырғам кәрі мұңмен.
Түнектерді жүректен қуалаймын,
Ішімдегі алапат жарығыммен!
Кеш арайлы, жарықсыз таңым бірде,
Мазақтайды көшеден сағым күнде.
Діңім қатты болғанмен өмірімде,
Қаттылыққа көнбейді жаным мүлде.
Періштенің естіліп әні бірде,
Шағылысып тұрады тәні Күнге.
Сізге шашқан өлеңнің ұшқындары,
Қанатында қалыпты әлі күнге.
Өлеңімнің байланып бағы түнге,
Тағдырымның қашалар табы түрде.
Сізге түскен өлеңнің бір парасын,
Сыйлайды екен Тәңірім тағы кімге?
Бағы бірге болғанның соры бірге,
Соры бірге болғанның жолы бірге.
Сізден қалған елестер көз алдымда,
Сізден қалған сезімдер көңілімде…
Айналарын білген соң бары күлге,
Жаңа бүршік бас иер кәрі гүлге…
Сүймесе де бұл өмір өз ақынын,
Ақын оны сүйеді бәрібір де!

НЕГЕ? АКЫНДАРДЫ СУЙМЕСКЕ ?!
АКЫНДАР ГОЙ ЖЫРЛАЙТЫН БУЛ дуние СУЛУЛЫГЫН!!!!!!!!!!!!!!
“Сүймесе де бұл өмір өз ақынын,
Ақын оны сүйеді бәрібір де!”
Қайдан ғана келеді екен, осы өрім сөздер? Керемет!
Ақынын сүйген оқырманы бар ғой!
Осындай өрнектейтін ақын бар екен ғой құдайға шүкір!!!
тек қана “жылап қайттым өмірдің базарынан” деп қайғы-мұңға салынбасаң болды…
Мукагалидын избасары боларсын, иншалла!
bul olen de akiyk akynga jagu emes kaita,,, sol akyn jaily syr werty
Ote tamawa olen.
АKЫН ДЕГЕН
Аkын деген – kыр даланын туйгыны,
Аkындардын шыгады ылги сыйлы унi.
Журегiнен агызатын жыр агын,
Аkын деген – адалдыkтын симфолы!
Сыйланыздар сыйлыны… (узiндi)
Нарынбеk Жумашев.
Аkберен ага бул оленiм сiзге арналады.
…bilgende bergenin bul omirdi synak ushin,
bitpes-em kursagyna – auyrtyp Anam ishin..
kesh beredi tagy da oi sanany – 4 – 5 jasta,
atten! buiryk bop tur kokten tusken -Taniriden…
Кайталап окыдым бугiн! Тамаша гой тамаша!