Кешегі гүл – бүгінгі мұң,
Көңіл гүлдей қурап қапты.
Ауасында бүгінгінің,
Жауабы жоқ сұрақ қапты.
Саған гүлді тарту еттім,
Сұрағам жоқ мұңды бірақ.
Ай қарайды жарты бетті -
Аспандағы түнгі шырақ…
Көктің бүгін қабағынан,
Қоштасуды білейін бе?
Гүлдің жасыл сабағынан,
Жебе жасап көрейін бе?
Ашытып у күлтесінен,
Ішіп соны өлейін бе?
Балауыз шам білтесінен,
Асылар жіп өрейін бе?
Әлде мүлде, сені ұмытып,
Тағдырыма көнейін бе?
Біреу отыр сені күтіп,
Сенбейін бе, сенейін бе?…

КЕРЕМЕТ ! ОРЫНДаЛСын АНСАган АРМАНдарыНыЗ!
мдаа… жауапсыз махаббаттан мұңайған қаншама жігіттің шері екен мұнда…
akbope amandikkizi
samyi nizkii ball
махаббат жайлы олен жолдарын киял елеспен суреттелген екен,омирдеги махаббатын баянды болсын улым!
Керемет әсерлі шығарма. Бугінгі танда дал осылай
махаббат ушин куйип-жанатын жигит аз калды гой(
Жок алде биз оленге аркау болар музага лайык болмай барамыз ба деген ой келеди маган.
Жазылған пікірлерге қарағанда Сіз өлең жазғансыз махаббат жайлы, мен сіздің шығармаңызды оқыған жоқпын, дегенмен қазір махаббат үшін куйіп жанатын жігіттер мүлдем жоқ деп ойлаймын.Нағыз жігіттер қалмағанға ұқсайды.