Сары қазан, кәрі қазан, сап-сары,
Жанарыма шашыратар оттарын.
Сары күздің шаштарына айналды,
Мамырдағы мамырлаған бұлттарым.
Қоңыр көңіл, жасыл үміт, таң ұшы…
Өмірімнің тоқтамайтын ағысы.
Күзді қойшы!
Шашы қарға айналар…
Бояулардың жарысы..
Үш онжылдық.
Көктем де өткен,
Кемді күн…
Біздей күзді жас деп айтар енді кім?
Алдымызда жігіт болып үлгірген,
Ағаларды алып жатыр жер бүгін…
Қазан, 2010 жыл.

Өлеңдеріңізде мұң басым. Көкірігіңізде өмір мен өлімнің айқасы болып жатқандай. “Біздей күзді жас деп айтар енді кім?
Алдымызда жігіт болып үлгірген,
Ағаларды алып жатыр жер бүгін…”
Үш онжылдық.
Көктем де өткен,
Кемді күн…
Біздей күзді жас деп айтар енді кім? — Иә, құрдас, үш онжылдық, өтті, кетті… Өткенді аңсау… Жүрегімді ауыртып жібердің.
Күз ғой осындай мұңға итермелейтін
өткенді аңсау, сағынышпен күнелту болып тұратын қарабайыр құбылыс.Осы өткен күнме өмір сүруді қойсақ етті.
Табиғатпен тілдесіп, мөлдір мұңмен үндесіп жазылған осы аәдемі, кестелі өлеңді умитке, сағынышқа, аңсарға орап, туйиндеп, тағы бір шумақ жазсаң (сезим тербеген сәтте),”теп-тегис,жумыр” келер айналасы…
Уақыт деген әміршіге дауа бар ма жаным, орда бұзар жасқа жаңа жеттің емес пе, еңсең түспесін інім, сен алатын алда талай қамал бар…
altyn kuzdin syry men jyryn teren ugyndym
Отызыншы кузініз уш рет кайталанса, биршама олен жазып тастарсыз аркыларга!Алла колдасын сизди!
Аман бол, қазақтың маңдайына біткен ақын бауырым!