07.06.11

Ояну

Уақытты бойына сіңіріп алып,
Балқып жатты шексіз әлем қорғасын.
Әлсін әлі түйсікке білініп алып,
Сыртына түн жайылды жап-жасыл.

Шексіздіктің сыртында түн жайылған,
Түн жайылған жап-жасыл көктем сынды.
Мейірімді демімен маңдайымнан,
Оның өзі бір мезет өпкен сынды.

Ол ауа боп, сол ауа боп құбылған,
Ол ауаның дәл өзі болатұғын.
Мен ұрпақ ем тумай қалған Абылдан,
Мекен еткен Тәңірлік сана түбін.

Мен Оған тіл қаттым ба ойша ғана,
Тіл қатты ма ой арқылы Ол да маған?
Дәл мендей тіл қататын Ғайса ғана,
Түн ғана екеумізді алдамаған.

Ол маған нәзік қана ұлым деді,
Мен Оның көп ұлының бірі едім.
Қандай терең сөздері, жылы еді,
Қандай жылы жап-жасыл түнім менің…

435 рет қаралды

1 Пікір “Ояну”

  1. Ержан Құрманов:

    жақсы өлең!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion