Жер бетіне мыңжыл бойы тұнжырлы,
Аппақ жұлдыз сапар шекті мың жылдық.
Тау мен тасты жарып өткен сәулесі,
Жүректерді тесе алмаcтан, қынжылды.
Тәңір атты жаралған соң өрістен,
Аппақ жұлдыз – періште еді келіскен.
Пенделердің әлеміне жол тартты,
Пенделерге көрінбейтін пейіштен.
Батыс жақтан көлбеңдеді көлеңке,
Шығыс жақтан сібірледі кіреуке.
Бір хабарды айта алмаған хабаршы,
Бұл жалғанға келді ме екен тым ерте?
Солтүстік пен оңтүстікте таң атпай,
Гүлдер солды, желге бетін қаратпай.
Пәктік пенен адалдыққа өгейлеу,
Аппақ нұрды бәрі тұрды жаратпай.
Бар ғаламды басып кетті қас түнек,
Көкжиекті жасын өтті кескілеп.
Қараң бірақ адамдардың жанары,
Қарашығы санасынан естірек…
Ғасырларда нәлет құшып тасталған.
Сол күндердің көздерінде жас қалған,
Аппақ жұлдыз жаңалығын айтпады,
Содан кейін бәрі қайта басталған.
Қараңғылық күтпей жатып Күн, Айды,
Аяғы ауыр бір аруды сынайды.
Құрсағында тулап жатқан пайғамбар,
Тумай жатып, өліп қалған сыңайлы.
Аппақ жұлдыз қара аспанда жылайды…
…әлем әлі дайын емес…

Расымен де өкінішті…
Керемет жазылған.
айтар жоқ. дәл. нақ. +5
айтылған сөз, атылған оқ қой.
Пәктік пенен адалдыққа өгейлеу,
Аппақ нұрды бәрі тұрды жаратпай
———-
Қаратүнек ғаламда адасқан, адамзаттың ең ауыр өкініші. Көріп-біліп тұрып, сезіп тұрып қабылдай алмаймыз.Неге біз – Аппақ нұр мен Қаратүнек жарысқан кезде Аппақ нұрға болысып, Қаратүнекті таңдаймыз!!! Өкінішті….
Ақберен Жүрек түбінің бір бұрышында жатқан нысанаға дөп тигізіпті.
Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын. Барлық мақтау Әлемдердің Раббысы Аллаһқа лайық. Пайғамбар Мұхаммадқа, оның сахабаларына және оның жолымен жүргендерге Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын!Ертеде бір топ адам түн ортасында тастақ жолмен келе жатыпты.Кенет аспаннан біреу дауыстап: “кімде кім жолдарыңдағы тастардан алсада алмасада артынан өкінеді” депті.Адамдардың есі шығып, бұл қалай болғаны алсақ ба алмасақ ба деп көп ойланады.Ең соңында кейбіреулері алып кейбіреулері алмай құр алақан үйіне қайтады.Тәңертеңінде тастан алған адамдар үйіне келіп қараса әлгі тастар алтынға айланыпты.Тастан алмаған адамдар алғдандардың алтынына қарап: “әттегенай біраз тас неге алмадық екен”-деп өкіне бастайды.Ал тастан алған адамдарда: “әлде көбірек тас неге алмадық екен” деп …
Адамдардын санасынан карашыгы естирек ———– дал тапкан екенсиз.
аға омірде окінбеніз. өткен күнге оралма, қарау керек сізге тек алғааа. Олай болса алга жүріп, биіктен көріне берініз…..