***
Өз сорыма айналғандай өз бағым,
Жалғыздықтың құшағында мұздадым.
Түндер түнеп қабағымның астында,
Жүрегіме құлап кете жаздады…
Мына әлемнің маздап тұрған оттарын,
Мұңның мұзы басып қапты қап-қалың.
Мен түгілі, албасты да безінер,
Тәубәсі жоқ тәуліктерден таптаурын.
Көз алдыма елесі кеп ескінің,
Өлетіндей аласұрам кешқұрым.
Тұла-бойды үрейлі бір діріл ап,
Жаназалық күй ойнайды бес күнім.
Кеуде жақтан естілгенде жан демі,
Ойлағанмен, құтылмайсың әрнені,
Көше жаққа жаутаңдаймын, кімді іздеп,
Достар қайда? Досым менің бар ма еді?..
Есіктерін қағып жүріп қанша үйдің,
Кімді табам, кімге барып, тыншимын?..
…Көкке қарап ұлып тұрған бөрінің,
Жанарынан көксұр жұлдыз ыршиды…

Керемет олен екен,адамнын кыйналган сатин доп басып айтылган………
Жұрт үшін ақылдың керегі жоқ екен. Өз қалауыңмен жүре алмасаң, ақылдың атасына нәлет! Ақылдың берер азабы көп… Ақылды таңдасаң ешкімді кешірмейсің. Жүрегінді тыңдашы! Сонда өзім үшін не істедім деген жауап табасың әрі өкінбейсің.
Өлеңіңіз тамаша. Дәл қазіргі менің күйімді суреттегендей болды. Жаксы жырларыңыз көбейе берсін!
КЕРЕМЕТ, КЕРЕМЕТ екен!
мына өлеңнің жалғасын іздеймін…
Достар қайда? Досым менің бар ма еді?.
Жақсы өлеңдер оқып, жанымыз семіріп қалды. Рахмет. Баяғыда “Мәдениет және тұрмыстан” оқыған бір өлеңнің екі жолы есіме түсті. “…Жалынды жырлар азайып кетті дегенде, Еске алдым сені Алатау сынды еңселім”. Шашекең (Шашубай ақын)айтқан екен:”Ақынның аузына өлеңді Алла салады” деп. Сол сөз раста шығар!?
Не айтарымды б!лмей отырмын, калай керемет жазылган….
Бірақ бірінші шумақтағы олқылықты айтпай кету қателік. Әрине айтар ой әлсіремеген, алайда ұйқас шашыраңқы.
өз бағым,
мұздадым.
астында,
жаздады…
Қандай ұйқас? Жоқ ештеңе. Сонда да Ақберенді мақтағым келіп отыр.
Одан да:
Күйдім
Сүйдім.
бәрін
Түйдім. Немесе
Жүрдім,
Күлдім.
Бәрін
Білдім деп жазса онда ол ұйқас.
8,9,10 п!к!рд! жазган адамга кулк!м келед!. Кудай аясын сен!, мен!м атымды жамылып жазган. Акберенге мен!м атымнан п!к!р жазбай-ак кой мунда, оз касиет!нд! тус!р!п. Мен айтатын п!к!р!мд! уялы телефонына звондап айтамын. Салеммен Али Марал
Қалай бағаларымды білмей отырм. Адам жаны жабырққаған сәттегі кешкен күйі….
Кұдайым – ай, осынша шебер акын бар екен ау казакта, билмеппин!