1-өлең
Балкондар – қанаттары үйлердің,
Көк үйлер – ордалары күйбеңнің.
Аулалар.
Балаларға үйген құм,
Алатау -
Көкжиекте күйген мұң…
Осы сурет өзгермейтін секілді,
Басқа сурет көз көрмейтін секілді.
Өзгереді деген сөзден өзгелеу,
Мына жалған сөз білмейтін секілді.
Мені өмір көзге ілмейтін секілді…
2-өлең
…Сол аула, өзгермейтін, қалыпты,
Ай да аспанда өзгермейтін, жарықтық.
Жұлдыздар да өзгермейтін аспанда,
Күміс сәуле кірпіктерін қағып тұр.
Табиғатта болмайды деп нала-мұң,
Күбірлейді санамдағы қонағым.
Мен білмейтін, өзгермейтін әлемде,
Өзгеріске мен ұшырап барамын…
Уақыт сырғып ағады…
3-өлең
Ымырт…
Жым-жырт…
Іңірдегі бөлме іші күңгірт…
Кеңістікті кезіп жүрген уақыт,
Ең баянды шындық…
Уақыт – ажал…
Неткен сұмдық!
4-өлең
Жарық көзді тізбектелген көліктер,
Сіңіп жатыр тұманданған көбікке.
Сағат тілі ақшамдағы жетіден
«Шексіздіктен» аттанады түнекке…
Айғыздалған ауаменен арбаса,
Тағы бүгін бар қаланы қар басар.
Жерге қарай қалықтайды аппақ қар,
Көкке қарай ұшып жатқан жандарша…
Жалғасы бар…

Ымырт…
Жым-жырт…
Іңірдегі бөлме іші күңгірт…
Кеңістікті кезіп жүрген уақыт,
Ең баянды шындық…
Уақыт – ажал…
Неткен сұмдық!
Сұмдық шындық екен! Рахмет, Ақберен. Жазар көбейсін!
Ымырт…
Жым-жырт…
Іңірдегі бөлме іші күңгірт…
Кеңістікті кезіп жүрген уақыт,
Ең баянды шындық…
Уақыт – ажал…
Неткен сұмдық!
Бір қызығы маған да осы жолдар ұнады.
Айғыздалған ауа… Жынды екен. Жалпы бұл өлең қалалық лириканың ең биік нұсқасы, бірақ лирикаға да келмеуі мүмкін. Әркім әр қалай түсінеді ғой.
Мына жалған сөз білмейтін секілді.
Мені өмір көзге ілмейтін секілді…
…өмірдің мәнін де,сәнін де түсінбейтін кездер әркімде де болады.
Ақын көзімен көрінетін, күнделікті айналамыздағы көрініс. Сөзбен сурет салу. Сөз өнері – өнер атаулының патшасы ғой.
3-өлең қорқынышты шындық.
3-өлең ақындардың жан дүниесін ашатын сияқты…
керемет!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Бұл классикалық туынды деуге болады! Жалғасын күтеміз, Ақа! Жазыңыз, сіз қазақтың ақыны болғанына мен мақтанамын!
Рахмет!
Жұлдыздар да өзгермейтін аспанда,
Күміс сәуле кірпіктерін қағып тұр.
Теңеулерің керемет екен!
Поэзия теңеу мен ойдан, ұйқас пен ырғақтан тұрса қайтем енді? Әзіл. Рахмет, Баке!
Ал, меніңше Уақыт та өзгермейтін сияқты !?
Кеңістікті кезіп жүрген уақыт,
Ең баянды шындық…
Иә, Нұр Шері, өзгермейді ол.
Мен Ақберген Елгезектін өлеңдеріне базар жоқ ырза болдым. Жеңісің өрлей берсін Ақберген………..
Мен Ақберен Елгезектін өлеңдеріне базар жоқ ырза болдым. Жеңісің өрлей берсін Ақберен………..
Базар жоқ, рахмет:-)!
Мен білмейтін, өзгермейтін әлемде,
Өзгеріске мен ұшырап барамын…
Уақыт сырғып ағады…
Адамдар: “Уақыт өтіп, барады”, – деп өкінеді. Шынында өтіп бара жатқан уақыт емес, өмір өтіп барады.
Ал, уақыттың басы да жоқ, аяғы да жоқ.
Уақытты жылға, айға, сағатқа, минөтке, секөнтке, ғасырға бөліп жүрген адамдар ғой.
Уақыт – мәңгілік. Мәңгілік – басталмайды да аяқталмайды да.
Бәрін бір Алла біледі.
Алла білімі шексіз.
Білімі шектеулі адамдар. Бір кем дүние. Deydi Sheragam…
Akberen aga, jazar kobeisin!
Соны айтам да, Мақпал-ау!
Ақын көзімен көрген көрініс, ақын сөзімен әдемі жеткізілген. Тағы да күтемін! Қаламыңнан нұр – жырларың құйыла берсін!
Сөз жоқ, ақынсыз! Бірақ өлеңдеріңізде еліктеушілік бар. Баяғы Еуропаға. Қазақилықты жоғалтпаңызшы! Сынымды дұрыс түсініңіз…
Пәксезім! Қазақилық деген не? Ауылдың қойы мен тезегін жазу ма? Әлде қалада жатып ап, өтірік ауылды сағыну ма? Қазақи болмысты ашатын өлеңдер қазақ әдебиетінде мен жазбасам да жеткілікті.
Мен қазақ тілінде жазылатын ойлы өлеңдерге ден қойған адаммын. Егер сол батысыңыз қазақтың поэзиясын танығысы келсе, ойының деңгейі арқылы таниды. Оған сіздің ауылыңыз бен дәстүр-салтыңыз қажет емес.
Мен қазақтың баласымын. Ауылда өстім. Бірақ көптің бірі болғым келмейді. Сондықтан мен философиялық дүниелерді қазақ әлеміне әкелгім келеді.
Ал, “сынымды дұрыс түсініңіз” деген сөзіңізді түсінбедім. Себебі, сын ең алдымен талдаудан тұратын болар. Сіздікі тек “еліктеушілік, батысеуропашылдық” деген қисынсыз, соқыр баға беру секілді.
Қазақ шаһарының панорамасы қазақша жазылып тұр. Панорама сондай болғасын, өлең сондай.
Сіз неге қазақи көйлек киіп көшеге шықпайсыз. Маған ұнар еді…
Рахмет, Алла разы болсын сізге!
Дұрыс… Біраз шамданып қалдыңыз-ау деймін. Қаламыңызға қуат берсін!!!
Шамданған жоқпын. Байыпты түсіндіргім келді. Сізге солай көрінген шығар Пәксезім?
Ымырт…
Жым-жырт…
Іңірдегі бөлме іші күңгірт…
Кеңістікті кезіп жүрген уақыт,
Ең баянды шындық…
Уқыт-ажал…
Неткен сұмдық!
Шынымен,сұмдық!Мұншалық қорқынышты болар ма еді?!Рахмет,жүрегімдегі уақыт пен өмірдің пернесін қақтыңыз.Өлеңнен өрнек өре беруіңізге тілектеспін!
Поэзия, қазақтың маржан сөздері мен қазіргі өмір әлемі – “нанотехнология” – жоғары үйлесім тапқан. Нағыз, бояусыз өмір шындығы, терең философия.
Рақмет, Ақберен, жалғасын күтеміз.
Тамсану ғана қажет сияқты! Бірақ, алда сұмдық көріністер бар. Уақыт – өтпейді, ағады! Ақберен інімнің соны көргеніне қуаныштымын. Ағысты көре алған адам, оның өң-түсін де ажыратып, үнін тыңдайты – қандай тәттілік! Рахмет Ақберен! Құстың көлеңкесін иіскеп алып, көкке қарап есінейтін кәрі тұлпарымның керімен тілек айтқаным ғой! Мен оны күзде атымды суарып тұрып көрген едім! Ізгі ниетпен, кәрі ағаң!
Тамсану ғана қажет сияқты! Бірақ, алда сұмдық көріністер бар. Уақыт – өтпейді, ағады! Ақберен інімнің соны көргеніне қуаныштымын. Ағысты көре алған адам, оның өң-түсін де ажыратып, үнін тыңдайтыны – қандай тәттілік! Рахмет Ақберен! Құстың көлеңкесін иіскеп алып, көкке қарап есінейтін кәрі тұлпарымның керімен тілек айтқаным ғой! Мен оны күзде атымды суарып тұрғанда көрген едім! Ізгі ниетпен, кәрі ағаң!
Жүкел аға, рахмет Сізге! Қаламыңыз ақ парақтың бетінде шаршаусыз жорғалай берсін!
“Күнді уақыт қызартып,
Көкжиектен асырды”
Абайдың осы екі жол оленын Зейнолла Кабдоловтын калай талдаганын окып (”Менің Әуезовымда”, тангалып едым. Негызы, уакыт деген сумдык тылсым құбылыс. Оны акындардан артык ааерлы етып ешкым тусындырып бере алмак емес. Осындай олендерды окыган сайын соган козымыз жете тускендей.
Айғыздалған ауаменен арбаса,
Тағы бүгін бар қаланы қар басар.
Жерге қарай қалықтайды аппақ қар,
Көкке қарай ұшып жатқан жандарша…
Беу!
Тамаша! Каладағы адамдар көңілі құлазығында оқығанда бір сергіп қалады деп ойлаймын.
Талдауға ұсынамын!
“Ей, аспандағы әппақ-Ай!
Жердегі тас саған қарай жамырағанда,
Қызыға саған қараушы ем!…Көз алмай тұңғиық жүзіңнен…”
Өте терең оймен жазылған өлең. Біраз уақыт бойы ойда жүріп, әбден піскен кезінде ақ парақ бетңнде өрнектелгенге ұқсайды. Тамаша!
Ақберенге тарту!
Кешқұрым Көкшенің жағасына
Көкшіл бір торғай келді де,
Көлдегі толқынға қарай
Күмбірлетіп бір әуен тартты.
Сол көкшіл торғайдың
Күмбірлеткен әуенінің ырғағына,
Көк жусан белін жазып,
Көлге түскен жұлдыздың
Көз-сәулесіне
Көңілдене үн қатты…
Солайша Көкшенің көк толқыны
Көктегі көп жұлдыздармен қосыла,
Арқаны әнге бөлеп,
Жаңа босанған жас келіндей
Бусанып жатты.
Кешқұрым Көкшенің көк толқыны,
Көк аспанмен осылайша,
Екеуіміздің алғашқы кездесуіміз сияқты
Көңілдене сырласты!..
1 қазан 2006 ж., Жексенбі,.16:35
Пәксезім ханымға жауабыңыз жақсы жазылыпты,ағасы. бірақ ол кісінің де айтып тұрғаны ауылды өтірік сағыну мен тезек теруі емес болар. батысты өз поэзиямызды түсінсін десек не үшін олар секілді болуга тырысуымыз керек? қазақты танимын десе олардың көрпесіне косіле беруіміз дурыс бола ма? Ал философия жайлы ойларды алға саламын дегеніңіз өте керемет! Рахмет, Алла разы болсын!
Пәксезім ханымға жауабыңыз жақсы жазылыпты,ағасы. бірақ ол кісінің де айтып тұрғаны ауылды өтірік сағыну мен тезек теруі емес болар. батысты өз поэзиямызды түсінсін десек не үшін олар секілді болуга тырысуымыз керек? қазақты танимын десе олардың көрпесіне косіле беруіміз дурыс бола ма? Ал философия жайлы ойларды алға саламын дегеніңіз өте керемет! Рахмет, Алла разы болсын!
Ақбереннің өлеңдерін оқығанымда Қазақтың жыр өнерінің қасиетін байқаймын. Түйсінемін. Оқи бергім келеді. Неге десек, Қазақтың рухы сезіледі. Алла жар болсын, Ақберен!
Алла разы болсын, аға-бауыр, іні-қарындастарыма!
Киялыныздын канаты талмай,
Каламыныздын сиясы ак паракты бойлай,
Акберен жазган олендерге тоймай,
Журейкши жакутталган жырларды тындай!
Акберен барлык шыгармаларыныз бииктен корине берсин!!! Алланын нуры жаусын!!!
Жүрегім – шежіре-құрсау…
Мен сені сағынып жүрмін,
Даусымда таңылып бір мұң,
Жүрегім – шежіре-құрсау,
Мән ұғып білгің…
Тағдырдың қалын ұқтырдың
Соны білдім де,
Жарылып тындым,
Мен сені, сағынып жүрмін…
Айғайым тау асып қоңыр,
Далада адасыпты өмір,
Жорытып мен келемін,
Жарасып көңіл…
Тағдырға қарасып тәңір,
«Ұмытпа» деп жанталасад,
Таласып қабір,
Айғайы тау асып қоңыр…
Жанымның мұңы тұнған,
Ән-жырым ұмытылған,
Тағдырды бірде жеңіп,
Бір ұтылғам…
Бірі құлдан кінәсі,
Бірі тұлдан,
Өзі құмнан болған соң,
Аумайды жыры құмнан,
Жанымның мұңы тұнған…
Отырған төріңді ұмыт,
Ақырған тегіңді ұғып,
Сырымды жазбай таны,
Менің біліп…
Қайрайды шерімді үміт,
Қайтадан берілдіріп,
Ертегіге,
Сенім қылып,
Отырған төріңді ұмыт…
Көңілді сары күз ғып,
Қаяуын салғыздық,
Сауырға аяусыз,
Қамшысын қан-тұздық,
Салады жалғыздық…
Ардақ ҚҰЛТАЙ
Акберен ага, оленімді корсетейін деп сізге калай берерімді білмей, осында салдым. пікірінізді кутсем деймін…
Жүкел ХАМАЙ
Мен ұжымаққа барғым келіп,
Мені ұжымақ алғысы келіп,
Мен Қоры қызының бейнесін
Сала алмағынымды айтайын ба?
Мен Тәңірінің қасына барғым келіп,
Мені Тәңірім алғысы келіп,
Бесуаққы намазды өтейтінді,
Білмегенімді айтайын ба?
Мен өзгеге уағыз айтпақ болып,
Өзгелер менен ұқпақ болып,
Шариғаттың жәуһарын
Құрастыра алмағанымды айтайын ба?
Мен әкемді сыйламақ болып,
Әкем мені сүймек болып,
Әке ұлы қалай болатынын
Білмегенімді айтайын ба?…
Неткен өлеңдер. Қазақ өлеңдерінің жеке сайтын ашу, ақындар қоғамын құру керек екен!