Күн борап тұр…
Жоқ, билеп тұр аппақ қар!
Аспан жақтан құлап жатыр бақбақтар.
Жүректегі сызаттарым секілді,
Көміледі ақ бақтарда соқпақтар…
Қар билеп тұр…
Мың бұралып күйге бір…
Ырғағынан сезіледі бейкөңіл.
Жел құшақтап аппақ вальске шақырған,
Ақшақарлар елестейді кейде бір!
Ақ әлемде,
Сейілгенде тұман бар,
Кеңістікте аппақ гүлдер бұлаңдар!
Аппақ қарға сызу салар әлдебір,
Ирек-ирек ізін салған жыландар!
Қар еркелеп,
Құлағанда аспаннан,
Дүр етіп бір оянады құс-таңдар,
Айналамда жарқырайды құбылып,
Жұлдыз текті кристаллдар…

“Қар билеп тұр”… Керемет!!! Ақын көңілінің терезесінен қараған сәттегі “қар биінің” көрінісі ерекше болатындығын ұқтым…
“аппақ қар”, “батпақтар” бу не деген такпактар?))
Табиғаттың керемет құбылысын көз алдыңа елестетесің!
“Батпақтар” деге сөз қай жерде тұр? Ахилестің табаны қандай лас!
таң ата жұмысқа асығып бара жатқанда, кейде тоқтай қалып “қар биіне” тамсанамын… Сөзім жетпей жүр еді… Ақберен дәл суреттеген… Жаттап алам және Қостанайдың қаһарлы қысының “қар биіне” оқып беремін… )))
Сурет кой!