Күн мен Түннің арасында ес жатқанда ауысып,
Тарғыл-тарғыл кіл күмәндар кезіп жүрер бау ішін.
Дүниедегі бәр дыбыстар бір арнада қауышып,
Түйсігімнен күдірейер дүр қобыздың дауысы.
Аруақтармен би билеген елестесе бір бақсы,
Көкейімнің қылын қозғар ішімдегі шырақшы.
Көксеңгірдің көкірегін қарс айырса зарлы үн,
Сен білерсің, түсінерсің, бұл Жалғанның тарлығын.
Ол ұлы Күй бір-ақ сәтте мыңжылдықты өткерер,
Көз алдыңда мұхиттай боп тербеледі ақ көде…
Кенет, сені бөлек жерге қондырады тылсым күш,
Жан-жағыңнан өлекшіндей қанат қағып күрсініс,
Алаңғасар дүниені дауыл алып жоғалар,
Ал, ауада қалқып жүрер ауылдағы молалар.
Қобыз үні сыпырып ап мөлдір аспан терісін,
Мақпал бұлттар таласады алақандай жер үшін.
Сонсоң, анау ғарыш жақтан ысқырынғанда түнгі ызғар,
Бұршақ-бұршақ саулап жатар жұмыр-жұмыр жұлдыздар.
Мақшарланған ақшам сондай!
Сен қапысыз аңдап қал,
Жер бетіне самсай қонар періште мен аруақтар.
Жиын болар содан кейін…
Қобыз үні мәңгілік!
Тәңір жақтан құйылады ноталардың жаңбыры!..
Бастау болып түйсігім тұр азандаған үнге осы.
Бірақ, бірақ байқау керек, сайтан оны білмесін!
…Жан-жүйкемнен өріп алып қырауланған пернесін,
Қобыз-жүрек,
Бір күндері үнсіз қалып жүрмесін…

беу дуние-ай… кобыз журекти акын халкы…
Кобыз-журек жолдарын окып сиздин жаныныздын бай ари терен, журегиниздин назик ари сезимталдыгына кайран калып отырганым… Окыган сайын сол куйди бастан откизип шыктым… Бойымды керемет урей, коркыныш сезимдери биледи, кобыздын даусын естигендей болып денем, куйкам шымырлады. О, тоба сиздин талантынызга тантти болып отырганым. Кандай журекпен жазылган жолдар, бите-кайнап……
сіздің барлық өлеңдерінізді оқып өте жақсы әсер алдым,әсіресе “махаббат лирикасы” өлеңдеріңіздің шынайы жүректен шыққандығы көрініп тұр,сонымен қатар сіздің өлеңдеріңіздің кейіпкерлерін өзім секілді жаныма сондай әсер береді.алдағы уақытта сіздің сайтқа жиі кірем деген пікірдемін,менің сізге тілер тілегім талабыңызға нұр жаусын дегім келеді. алдағы уақытта сізден жаңа туындылар күтемін!
алла тіл көзден сақтасын!
Иә Қобыз үнін тыңдағанда бір терең архетиптер оянатыны рас, оның ғарыштық екендігі де рас, Үннің өзі тумысынан философиялық қой, Бұдан қазақ халқының тамыры терең ғарышпен үндескен Ұлылығын оңай тануға болады.