Жаңбыр тоқтады.
Бақтағы бір құрғады гүл.
Құдай сақтады,
Құлап жатыр ылғалды нұр.
Осы күн мен кешегі түнді,
Қызыл шытпен жалғады кім?
Кешегі шаттық, күлкі мен жырды,
Қайдан келіп жалмады мұң?
Жаңбыр құйды.
Амалсыз едім.
Шашым менің бұлттай селдір.
Құлап кетіп жоғалсам еді,
Буланбаған шыққа мөлдір…
07.06.11
609 рет қаралды

Керемет!
әттең сәл өргенде ғой.
Әдемі екен. Бір екі сынды оқып,
Табиғат Абаилдаев деген осы кім деп интернеттен қарап едім ол да өлең жазады екен, құдай – ау, енді өзінің өрнегі өрілмеген адам, жұртқа сын айтады, осы дұрыс па?
Әрине ақын періште емес, бірақ әрбір ақында жан тазалығы, честность болуы керек қой.