06.04.10

Қысқы түстер

Қысқы түстер. Көктем жайлы.
Көктем жайлы, аспан жайлы.
Бұл түстерде, неткен қайғы,
Көктем неге басталмайды.

Қысқы түстер. Гүл жайында.
Гүл жайында, Ай жайында.
Бұл түстерде ақ қайыңдар,
Бүрлемейді май айында.

Қысқы түстер. Мұң туралы.
Мұң туралы ауыр неге?
Аппақ қарда түн тұнады,
Жылымайтын сәуірлерде.

Қысқы түстер. Көктем де өзге.
Гүлдер де өзге неге, мүлде.
Салқын самал өпкен кезде,
Сыбырлайды нені, кімге?

Қысқы түстер. Жұлдыз жайлы,
Жұлдыз жайлы, ғарыштағы.
Қысқы түстер. Бір қыз жайлы.
Бір қыз жайлы, алыстағы.

Қысқы түстер. Бүршік жайлы.
Бүршік жайлы дірдектеген.
Аппақ құйын ұршықтай бір,
Жүрекке сыз өрнектеген…

Қысқы түстер. Мен жөнінде,
Ол жөнінде. Неткен қиын!
Қысқы түстер. Шер көңілде.
Келе ме екен көктем биыл?..

1068 рет қаралды

11 Пікірлер “Қысқы түстер”

  1. Арай:

    Мұңға батпаңызшы, Аға! Биылғы жаз ерекше ыстық болады!!! Уәде беремін))))))))

  2. Сағдат:

    Аға,өлеңдеріңіз өте керемет!!!!

  3. Байтайлақтың шөпшегі:

    Олай демеші, Арай. Мен ыстықты жек көруші ем.

    Қысқы түстер. Жұлдыз жайлы,
    Жұлдыз жайлы, ғарыштағы.
    Қысқы түстер. Бір қыз жайлы.
    Бір қыз жайлы, алыстағы.

  4. sera:

    Осы ғой осы

  5. Кеукер:

    Қысқы түстер жолдарынан көктемге деген сағыныш шуақты күндерді аңсау сезіледі

  6. Жұлдыз Аятқызы:

    Дәл сондай сезімдер билейді… Керемет!

  7. Толкын:

    Тусиниз татти екен.Коктемги сезимди сагынгандай….

  8. Акберен осы олен ерекше,мулдем ерекше,керемет унады! Нагыз акын журегiмен жазылган!:

    Каламкас

  9. Анонимно:

    казак поэзиясынан философ романтик акын шыккан сиякты

  10. Gul_Nara:

    Мен сыншы емен пікір жазатындай, поэзия-мен үшін түсініксіз тылсым дүние, десе де “Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді” деген осы шығар,Ақберен бауырым, қай өлеңіңде де менің өз ойым айтылып жатқандай. Ел жүрегінен орын алар өлеңдерің көбейе берсін! “Тіл-көзден, көре алмаушылардың сөзінен аулақ болғай!” деп тілер тағы бір әкпеңнің бар екені ойыңда жүрсін.

  11. Алмат:

    Керемет екен

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion