Қала сен бе күрсінген? Үйлерің бе?
Бір діріл бар көлеңке билерінде…
Түйсігімде боздаған қобыздардың,
Бір үрейлі үн тұнар күйлерінде…
Дала сен бе жылаған, жусаның ба,
Кім билеп жүр төсінде, қу сағым ба?
Анау ару анам ба?
Теріс қарап,
Кімді қысып барады құшағында?
Аспан сен бе жөтелген, бұлттарың ба,
Мұз қатып тұр неліктен мұрттарында?
Анау жігіт әкем бе, басын шайқап,
Қабақ шытқан арақты ұрттарымда?!
Жаным сен бе сөйлеген, Тәңірім бе?
Біртүрлі бір алаң бар көңілімде…
Анау бала мен бе екен мұңлы көзді,
Жылылықты сезбеген өмірінде?
Қуанышты өлтіріп алақайлы,
Дір еткізген кім екен қалақайлы?
Мен әлемді кешірем, бірақ қалай,
Жұбатамын іштегі балақайды?…

Олен керемет стильмен жазылган ага! Аллах талантынызды орістете берсін ИншаАллах! Шығармашылык табыстар мен онер шындарын багындырып журе берініз демекпін!!!
Көптен бері сайтыңа бас сұқпап едім. “Адамның кейбір кездері” болады, тылсымның үні бар сөз іздеп, өлең іздеп аласұратын… Бүгін сенің жырларыңды оқып, бір демалып қалдым. Тамаша! Ризамын саған. Сенің өлеңдеріңнің түбіндегі сана-сезімі ояу адамға ғана көрінетін жауһарларды түсінбейтін “күншілдер өле берсін күйігінде”. Әйтпесе:”Аспан, сен бе жөтелген, бұлттарың ба, Мұз қатып тұр неліктен мұрттарында” дейтін бұрын ешкім айтпаған тосын теңеулердің астарына үңіліп қарап, мен сияқты тамсанып отырар еді…
Сайтыңа жаңалық енгізуді күтіп жүр едік.Разымын!
қалай күшті… мұңлы махаббаттан мезі бола бастағанда… мына өлең мықты жазылған… Қостанай-Торғайда жаргон бар “әйдік” деген… Ақберен, әйдік екенсіз! Сіз маған ұнайсыз )))
керемет,риза болдым.Откен ом!р!н!збен де, тогысып жаткан жолдар кор!н!п-ак тур.Канатыныз талмасын!!!
Ну что сказать? Прелестно друг мой, прелестно..))Тамаша Ақберен, сөз жоқ! Ты на грани совершенства..
Кәдімгідей тұла-бойыңды түршіктіріп, жыбырлатып, санаңды сыбырлатып жіберетін өлең екен…
Алла разы болсын, бауыр, іні-карындас, апайлар!
Молодец !!!
“Дала жылаған… аспан,бұлт жөтелген…”, “мұртында мұз қату”? “Дір еткізген” мен “қалақайлы” арасында байланыс қандай? Әлемнің классикасын оқымаған ақын “Әлемді кешірем” деуі несі? Әй, тосын теңеулер емес бұл. Көркемдік концепцияға қиянат жасау, оны елемеу бұл? Ең болмаса Зәкиді ерінген ғой ашуға… Ырғақ, үндестік бар делік, рух қайда?! Елгезектей ез, жылауық ақындар “қажытты” төл әдебиетті.
Менде де бар бір тасбауыр қошақан…
Қарақалпақстан республикасында Гәуір деген тарихи қала бар. Мына өлеңді оқығанда сол қаланың қираған қабырғалары көз алдымнан кетпей қойды. Азат бауырымның айтқанына еріксіз назар аудардым…м
Анау бала мен бе екен мұңлы көзді,
Жылылықты сезбеген өмірінде?
Мына жолдар сүйегімнен өтіп кетті,жыламайын десем жас келеді коздеріме!
молодец!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Da’u o’len’…!!! Qay’-qay’sysy da sonday’…!!! Razymyn… Yrzamyn.. Ri’zamyn…