Тұңғиықтан түрте-түрте соқыр мұң,
Есін алды елес қуған пақырдың.
Жүрегіме жұлдыз біткен жұтылып…
Бір нүктеде ғарыш болып отырмын.
Тылсым гүлдер көз алдымда жайқалып,
Қолтығымда үлпілдейді Ай-мамық.
Қарашығым бар жарықты сімірді,
Сәулелердің қоймасына айналып.
Жанарымнан өшкен оттар суретін,
Санасына көшіреді көне Түн.
Шерлі сырлар сіңіп жатыр сағымға,
Әлімсақтан өзім ғана білетін.
Өзегімді шарпып өтіп аш жалын,
Көңілімнен бұлғаңдайды мас сағым…
Қаламыма қолды соза бергенде,
Ғайып болдым түйсігімде қас-қағым.
Арқамдағы қанатымнан тамып қан,
Ұшып келдім белгісіз бір бағыттан.
Түн болмысын өзгерткім кеп, талпынып,
Тулап тұрған жанның нұрын ағытқам…
Содан бітті…
Санам кетті сан ұшқынға шашылып,
Үні сөнді, Күні сөнді басымның.
Темірқазық қадап қойып ауаға,
Алпыс екі тамырыма асылдым…

Қаралы елге хабар силап қаралы,
қара қасқыр қамсыз жортып барады,
аш көкжалдың азуынан ақсиған,
қара жерге қан сілекей тамады,
мұның бәрі қара түннің хабары,
Карангы суык тун, жалгыз екенинди ангартатын кара тунек, коркытатын тыныштык, сан ойлар, окину мен ойлану, пана издеп, аландау, тагы да сол тыныштык…
Аспан алемине шашылган жулдыздарга суйсину, жоспар куру, арман жетегине илесу, канат издеу, ушуга талпыну… Мине менин туним осындай…
көктегі түн, жердегі мұң қосылып,жан-дүниемді қамшылайды семсермен, сен мен үшін қалып қойдың мәңгілік,үш қайтара іздесем де түнектен
Әдемі!
Қара өзенге айналғандай қандарым,
Қап-қараңғы, қара түнек жан-жағым.
Қара түннің құшағында, тылсымдар…
Мүмкін… содан қара түсті таңдадым.
Жүрмін солай, сезіне алмай таң барын…
Қабырғалас қара түнмен тілдесіп,
Қара өлеңмен қара бояу үндесіп,
Қара түнде қара судың бойында,
Жүрем ылғи жағалауда жыр кешіп.
Күн секілді, жалғыз менің күндесім…
Қараңғыда қара бас тұр тісі аппақ.
Мені ұстап жібермейді құшақтап.
Қара тауға қара бұлты торлаған,
Қара атпенен жетіп барар үш аттап.
Күндіз қиын, түс, аптап…
Қара көлде, қара қайық мінгені,
Қолындағы қара ескегі білгені…
Қара қошқыл бұлдыраған дененің,
Қарауытар, қара түнге сіңгені.
Осылайша қызықтырар түн мені…
Аспан, жердің екі арасы қап-қара,
Қара құстар суылдайды топтала.
Көктен біреу көтеріп-ап қара сыр,
Салғандай-ақ төмен қарай ақтара.
Жалғыз жарық жылтылдайды шоқтана…
Қара сөздер бұрым болып бұралып,
Қара түннен тарқатады сыр алып.
Қара қырда, қара гүлдің сабағы,
Өлең болып түсіп жатыр құралып.
Мен жай ғана тұрамын…
иаааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааа
гарыш алеминде