14.01.10

Түнгі қонақ

Тыныштықпен таба алмаған үйлесім,
Жарқылдайды қара бұлттар жүйкесі.
Жан дүниемнен ашылады түнге есік,
Бүгінгі түн – періштелер би кеші!

Нәзік гүлдей еліктірмес би кімді?
Қызық үшін қидым тәтті ұйқымды.
Періштеге қарай қалсам, өртенем,
Сондай сұлу, сүйкімді!..

Татып көрсем тыйым салған жемістен,
Жүрегімде сансыз сезім керіскен…
Сайтан болып шықпаса еді соңыра,
Мейірімді періштем…

О, Жасаған, Жасаған!..
Күліп жүрмін, жанарымнан жас аға!..
Құшағымнан кете берер сытылып,
Шұғылаланған қош ауа…

Бір елесті көрсетеді таңертең,
Атталмаған босаға…

810 рет қаралды

2 Пікірлер “Түнгі қонақ”

  1. Әпке:

    Тамаша!!!

  2. Нұршат Төкен:

    Бір елесті көрсетеді тәңертең,
    атталмаған босаға… ЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕ
    Қызық екен Ақберен аға
    Бұлай да жазу барма?бірақ………….
    мінсіз періште болу қайдам!!!!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion