Келбетімнен бүгін менің, аяулым–ау, нені ұқтың,
Түнде менің пәк түсіме ақ көделер еніпті.
Толқып тұрған аппақ теңіз тербетілген сағым-дүр,
Сезесің бе, мен – даланы, дала мені сағынды…
Мені іздеген бала күнгі қоңыр көзді жылқылар,
Ақ көдені кешіп жүрді кісінесіп, шұрқырап.
Қос құлағын қайшылаған, жер тарпыған жұлқынып,
Маған ұқсас, өзі асаулау шапқылайды бір құлын.
Осқырына жақындайды, соза түсіп тұмсығын,
Құшақтатпай қайта қашар, кіп-кішкентай қырсығым!
Анау жерде өзен жатыр, балық толы құрсағы,
Жағасында мен отырмын, қатып қалған құрт шағып.
Сары құртпен араласа, бырдай-бырдай шашылып,
Жатыр екен, қынаменен мың боялған асығым.
Қармағым да қолымдағы – қарағаштың бұтағы,
Ол бұтақтың өн-бойынан мөлдір-мөлдір шық ағып…
Ару самал тым мейірлі, маңдайымнан сипаған,
Күй төгеді дөңгеленіп аспанда Күн-күйтабақ!
Сиқырлы күй!.. сиқыр сәуле!.. сиқырлы бір ноталар!..
Бұлаң-бұлаң бұлт билейді, көтеріліп жотадан!
Ах, шіркін-ай, бүйтіп жаным шалқымапты бұрыннан,
Ах, шіркін-ай, Күннің исі аңқитындай құлыннан!..
Қандай бақыт!..
Ал, есімде бақытсыздау балалық…
Әлде, Тәңір түспен емдеп бермек пе еді сананы?
Сұм қалада жүрген кезде жан берісіп, жан алып,
Көптен күткен тылсым жақтан бұл бір ғажап жаңалық?!
…Бұл түсімді жору үшін, көңілімді тасытқан,
Қылаң таңда оянып ап, тауға қарай асыққам.
Таулы өзеннің жағасында қиыршық тас «шүкір!..» – деп…
Тасқа айналып кеткен болды түсімдегі асықтар…

Тусимде бир конакка барып,2 етигимди жогалтып алыппын,издеп журсем биреу 2 жуканан береди мен соны жеп жур екенмин!дала карангы мени кутип турган машина жок!осы тусти жорып бериниздерши???
тусымде жер сылкынып жаттыр екен…не болады?
Егер кісі түсінде құрттарды көрсе не болады, толған құрттар өлтіралмай жатыр екенмін?
егер кісі түсінде құрттарды көрсе не болады, ақ құрттар жыбырлаған, өлтір алмай жатыр екенмін.
Тусимде сырга корсем не болад
түсімде ине көріппін,не болатынын айтасыздарма?
ЖАЙЛАУДА БАСЫМА АК ОРАМАЛ ТАГЫП ТАУГА ШЫГЫП БАРА ЖАТЫРМЫН, ДАЛА ЖЕЛ ТАУГА КАРАЙ АКШАЛАР УШЫП БАРА ЖАТЫР, ТЕК БИР 10000 ТЕНГЕНИ АЛУГА ГАНА УЛГЕРДИМ, СОЛ КЕЗДЕ ЕНЕМ ОЯТЫП ЖИБЕРДИ
тусимде бала туып емизип отырмын
мен түсімде орманда ағашта ілініп тұрған жыландарды кордим
мен түсімде орманда ағашта ілініп тұрған жыландарды кордим
мен тусимде бастыгымен арак ишип отырмын
тусимде бок кордим не болады
тусимде сырга кордим
тусимде 3-нши балам бар екен деймин ак халатты адамдар, балабакша ма, больница ма сонда журмин баламды колыма алсам ползуногы жыртык содан бок тусип жатыр мен терип журмин бир кезде озим отырып койыппын деймин