«Түсіңді ұмыт!» – деді өңім,
«Ішің білсін…» – деді өмір.
Кешегі мен ертеңгі күн,
Өкпеледі көңілге бұл.
Жүрегімнің қуысында,
Жылап отыр жаным менің.
Бөтен жанның уысында,
Еріп жатыр бағым менің.
Аумай қалған қалай бұлай,
Бір күндерім бір күнімнен.
Домалатты талай Құдай,
Көз жасымды кірпігімнен.
Жасысам да, жабықсам да,
Түстерімде күлемін мен.
Өткен күндер…тамұқ сонда,
Жұмақ сонда, білемін мен.
Ертеңгі күн – ертегі әлем,
Бүгінгі күн – түс ғаламы.
Жаратылып ертегіден,
Ертең тағы басталамын.
Басталамын, жырланамын,
Өз өзімнен ұрланамын.
Тән ішінде сыр ғанамын,
Жарқыраған нұр ғанамын.
Нұрды ұлы Нұрға қосып,
Шарықтаймын, шалықтаймын.
Шайырмын мен мұңға ғашық,
Мұңлы өлімнен қорықпаймын.
Себебі мен түс көрдім де,
Жанарыма үміт толды.
Бір адамға естілдім де,
Мың адаммен ұмыт болдым…

Жаксы жазылыпты.Кобине олендеринизден жалгыздыктын уни естиледи.Бизге осындай акынды сыйлаган аллага ризамын.
… Ия, сол тус-гумыр кейде ониндеги кым-куыт киюы кашкан тирликтен куткарардай умит саулесин шашады. Ол да Жаратканнын пендесине берген аяны болар… Каламыныз мукалмасын, ага!
Сиздин оленинизди окыганда озимнин ишимдеги муныммен арпалыска тускендей болам.Бирак бул сиздин жан дуниениз.Олен тамаша.Артык созим жок.
Жүрегімнің қуысында,
Жылап отыр жаным менің.
иррационалсизм жетіспейді
йа омірде жалғыздық жаман бірақ көнесің. өлең керемет
Шынайы жазылып жатқан өлең жолдарыңыз адам рухын асқақтататыны даусыз.
«Түсіңді ұмыт!» – деді өңім…
Қандай қатыгез мына өмір…
Men umyta almaspyn
ИӘ,СОЛ ТҮС МЕНІҢДЕ МАЗАМДЫ АЛДЫ.
тамаша екен
Базар жок!
Тән ішінде сыр ғанамын,
Жарқыраған нұр ғанамын.
——————————-
МҰҢнан НҰР шашқан өлең екен!
Былжырақ
Түсті ұмытқанмен өзін ұмыта алмай қиналудамын.
Менің түсімен әр күні әр түні енетін жан Бақберген. Менің махббатымды ол сезбеді және де көзіне ілмеді.
Маған көмек бере алатын жан бар ма екен мына жалған өмірде көмек күтем !
Керемет екен!