03.04.11

Тылсым түс

Ғарыштан шашылған күйге бір,
Сенімен түсімде биледім.
Аппақ нұр дірілдеп иеді,
Біз тұрған нүктенің жиегін.
Сол бір сәт…шуақты түсімде,
Біз ендік періште пішінге.
Бұйығы бұлттардың ішінде,
Айналдық ақ көбік мүсінге.
О, қандай ғажап түс, киелі,
Ләззаттың отына күйемін!
Санамда мың шуақ түн түрсе,
Жұмбақтар жауабын білемін,
Қос қанат арқаңда сілкінсе,
Ұштарын құмартып сүйемін!
Дір етіп болмысты балқытсын,
Білекке тигенде білегің,
Гүлдердің жұпарын аңқытсын,
Қауызы ашылған жүрегім!
Мұнартып, көрінбей Жер мүлде,
Екеуміз биледік сеңгірде.
«Сүйем» деп тіл қаттың сен бірде,
Күбірлеп не айтты жел Күнге?
Жадымнан өкініш жоғалды,
Бәрі де, бәрі де оңалды.
Түстегі жолыққан сәттерім,
Өмірде өңімдей боп алды…
Ішімнен кеткендей торы мұң,
Сол түсті жақсыға жорыдым.
Түсімнен өңіме өтіп ап,
Қасымнан кетпеші жарығым!

638 рет қаралды

7 Пікірлер “Тылсым түс”

  1. МУНИРА:

    Нагыз гажап олен .ИНШАЛЛА семияда бакытты болыныз!
    Суйгенізбен бірге картайыныз

  2. Акмоншак:

    …Тусимнен ониме отип ал,Касымнан кетпеши жарыгым…бугин гана осылай тиленип отыргам.Оленнин осы бир адам жанымен ундес келетин кудиретине соз жок…Солай жаза билген акын да бакытты шыгар. Бул нагыз журектин сози

  3. Айгерім Кудекова:

    АЙНАЛАЙЫН АҒА\ ҚАЙ ӨЛЕҢІЗ БОЛМАСЫН ӨЗ ОҚЫРМАНЫН ТАБА БЕРСІН \ЖАРАЙСЫЗ\ АЙГЕРІМ ҚАЛИАХМЕТҚЫЗЫ.

  4. Анонимно:

    Ақын жаны тек қиял әлемін мекендейді!Өмірдің алтын сәттерін өлеңдеріңізбен өре беріңіз!

  5. Анонимно:

    Сиздин олендериниз журектин мунын дал басып, конилдегини тауып айтып жатады…осы еди гой айта алмай жургеним…

  6. жырға ғашық:

    бұл сенің өлеңіңнің бет-бейнесі…

  7. Jan:

    Oziniz de soitinizshi a

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion