07.10.10

Уәде берші кешірмеуге

Уәде берші кешірмеуге,
Алдануға мұрсат бер.
Рұқсат берші өшірмеуге…
Сондай тәтті сол сәттер…

Жыламауға уәде берші,
Күлмеуге де уәде бер.
Жүрегімде әне көрші,
Жылап жатыр сәулелер…

Үндемеуге уәде берші,
Үнсіздікте мұн жүрсін.
Түн демеуге уәде берші,
Жүрегіңде күн күлсін!

Уәде деген – Тәңір сөзі,
Біздің сезім Тәңірден!
Айырады өмір өзі,
Өлім әлсіз өмірден…

Қос тамшыны көзден көрші,
Кірпік жолын бөгейді.
Ұмытпауға сөзің берші,
Ұмыт болғым келмейді.

1180 рет қаралды

22 Пікірлер “Уәде берші кешірмеуге”

  1. Тоты:

    Ұмыт болғым келмейді.

    Қимастық та, эгоизм де бар…

  2. Анонимно:

    прости за мысль грешную…/между нами,без обид…/Храни лишь,Боже,Женщину -за то,что Ею не забыт…

  3. Жанна Галам:

    это написала я,выше)))

  4. Жан:

    Жанна Галам, керемет!)))

  5. Акмарал Али:

    Оте жаксы жазылган, блогымызда б!рнеше кун жазылып турды бул олен жолдары.

  6. Айбек аш-Шаhиду Қосанов:

    Ақберен аға, өлендеріңізге тәнтімін! Керемет! Басымды идім!

  7. Ақберен:

    Алла разы болсын!

  8. Акмоншак:

    Ұмытпауға сөзің берші,
    Ұмыт болғым келмейді…
    Адеми орилген. Оленнин бар айтары осы еки жолда тургандай. Кез келгеннин журегин дир еткизер отиниш-лебиз…Жарайсыз,аппак агатай!

  9. Тимур:

    Оте тамаша жазылган, кымге арнап жазылган жыр жолдары екен?… сыра айелынызге ау ?….

  10. жаңагүл:

    Керемет! Тағы да керемет! Оқыған адамдардың ішінен сірә жүрегі дір етпегендер кемде кем шығар!

  11. Жибек:

    Жаксы жазылган олен екен, озынызге кымбат адамды ренжытып алып жазгансыз гой деймын?…

  12. Жибек:

    мына олен жолдарынан кейын ол адам албетте сызды умытпайды гой, екы адамнын омыры жайлы жазылган гой мына олен. .. быр тагдыр жайлы толык сипат бар..

  13. Аққағаз:

    Ақберен аға, неге ақындар осындай?…. Бостан-босқа журекті ауыртасыздар… Менің қателігім әдебиет оқу. Оқу арқылы сіз секілді жауапсыз бір Досынызды сүю… Бекер-ақ жазасыздар осы, бекер-ақ!….

  14. көкше еркесі:

    кандай керемет…казір жылаймын.

  15. мен:

    уәде берші, жыламауға, мұңаймауға уәде бер, сен тірісің құдай барда,қайран тірлік, мұрсат бер.

  16. мен:

    қолыма да ойыма да осы нәрсе орала береді,орала беред……………ойлануға мұрсат бермей-ақ қойды…………

  17. Ботакоз:

    Уәде берші кешірмеуге, жыламауға уәде берші,
    күлмеуге де уәде бер, ундемеуге уәде берші,
    унсіздікте мұн жүрсін… терен ой жаткан шумактар екен. Браво!

  18. вискоза:

    Керемет!Ақын аға мыңда бір тағызым жасаймын сізге!

  19. вискоза:

    Басымды идім

  20. cалтанат:

    Журектен шыққан ән, журекке жетеди ! маған өлеңнің мәні де мағынасы да қатты ұнады ! Рахмет ! Қаламыңыз тозбасын !

  21. Ержан Құрманов:

    КЕРЕМЕТ!!!!ӨТЕ ЖАҚСЫ ӨЛЕҢ!

  22. Акмарал Бисембаева:

    Керемет!тамаша олен!

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion