06.01.10

Варлам Шаламовтан

***

Осылай жүрмін…
Ажалға қалды бір қарыс. 
Өмірім көк конвертте.
Күнкөріс.

Күзге хатым бар…
Құтыда.
Онда бір сөз бар,
Құпия!

Хат жіберетін
мекен-жайды білмеймін
Мүмкін содан ба
Өлмеймін…

***

Күндіз-түні қар жауады,
Қатал ғой Тәңір қарашы.
Қолжазбаның әр парасын,
Батырады қарасын.

Жаппар Иеме ұнамаса,
Жаман әндерің дөрекі. 
Жаңа қылық көрсетеді,
Бұлттан шегіп темекі.

***

Поэзия – шалдардың шаруасы,
Бозбаланың тірлігі емес ол мүлде.
Ғұмырда біткен дауасы,
Шалдар жазады жыр –мүрде.  

Жүз өмір сүрген толықтай,
Еркектер жазсын, бала емес.
Теңізден шыққан балықтай,
Биікке шыққан ол емес.

Шыңдарын таудың игеру,
Жанның түбіндей алынбау.
Поэзия – бұл мұңға күю,
Аппақ шаштардай жалындау!

669 рет қаралды

Пікір жазу

© 2009, Ақын Ақберен Елгезектің сайты
Разработка и дизайн — студия Web Art Promotion