Оң мен солым перілер,
Абақтыдан біреуі,
Ал, біреу жиыннан.
Қайсы жақсы, қайсы сері,
Құрысыншы, құйыңдар!
Қай түкпірге, қай бағытпен,
Апарады бұл қулар?
Біз білмейтін қай жарықпен,
Қай этаппен қудалар.
Не болса да құрдасым-ау,
өткен күнге көмерміз.
Ішші досым, мұңдасым-ау,
Бәрін ертең көрерміз.
Бұл жалғаннан, іш те, қашшы,
Толған заң мен тиымға.
Кәне, Күнім сәуле шашшы,
Құрысыншы, құйыңдар!
***
Мен барлық сыраханалардың қонағымын,
Мені ешкім шақырмайды банкетке.
Шылымымды өшіріп ап балағыма,
Қыша жағамын қазір паркетке!
Ал, сен білдің бе, жиіркенген қарағым-ау,
Мен көз жасымда ағызғанмын котлетке…
Мен қатал бола алмадым, нәзік те емен,
Тек мені туыс жақтырмаған туғаннан.
Ол жанұяда бірі дихан, ал, бірі төмен,
Таптан шыққан.
Мен жалғыз көрермен.
Менің «менім» ұшты ғой содан бері,
Түрмелерге жолдармен көнерген…
***
Мен сіздерге айтып берем ертеңімді,
Елестер бар кеңістіктен жарып шығар.
Шиыршықты түсінбесем, еркелігім,
Кешіріммен қараңдаршы тарихшылар.
Өз орына қайтып келер, ертелі-кеш,
Дауыл желдер, керек емес басқа заңың.
Кешіріңдер бұл айтқаным ертегі емес,
Мұз құрсайды мұхиттардың асқазанын.
Өсек пенен қарғыс сынды жер-жаһанды,
Орап кетер үскірік пен боран текке.
Солтүстіктің желі тұрса үдеп қалың,
Оңтүстікте айналады жылы лепке.
Қуатты тоқтар құлап бағанадан,
Тылсым күшке еріксіз иіп кетер.
Жоғарывольттық ағындар шаранада,
Айналады төменгі жиіліктерге.
Сайтан болып ышқынады тоғың сонда,
Бұзып-жарып реле мен кедергі – омды.
Қашып жүрер ұстатпай қолдан-қолға,
Межеліктен ұстап көрші тілмен оны.
Дау-дамайдың арасынан құлап тұрса,
Тыныштыққа айқай-шу мен төбелестер.
Солтүстіктің тұрғындары жылап тұрса,
Оңтүстіктің адамдары кем емес қой.
Дәл сонда шыңғысхандық ордалар мен,
Қайқы қылыш және аттар дүбірі емес.
Бұл жалғанды шарап суы басып тұрар,
Миллиард көзеден төгілген күбірлі кеш…

Неткен жан айғай?! Шынғырған шындықты жасыру бар да, көзден жас ағыза айта білу бар. Васыоцкийге ұқсасаңыз, Сізді аяймын, Ақберен! Ляйля.
Высоцкийге дегенім ғой…